12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судьялар съезі сот саласының дамуына серпін береді

Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің сот саласы мемлекетімізбен бірге қарыштап даму үстінде. Сот саласының дамуында судьялар съезінің алар орыны ерекше. Әр төрт жыл сайын саланың кем кетігін түгендеп, келер съезге дейінгі мақсат жоспарларды айқындап беретін жиын дәстүрлі түрде биыл сегізінші рет өткізілді. Ең алғаш 1996 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының бірінші съезінде ел тарихында тұңғыш рет судьялар қауымдастығы құрылып, жарғысы, мақсат-міндеттері белгіленгеннен бері сот жүйесінің ең өзекті мәселелері судьялардың басты форумында талқыланып келеді.

Судьялар одағының жарғысына сай судьялар съезі төрт жылда бір рет шақыртылады. 1996 жылдан бері осы күнге дейін 1996, 1999, 2001, 2005, 2009, 2013, 2017, 2020 жылдары сегіз рет съезд өткізілді. Биылғы жылы пандемиялық жағдайға орай онлайн режимде өткен форумға 400-ге жуық делегат пен мейман қатысты. Олардың қатарында судьялар, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заң қауымдастығының, халықаралық ұйымдары мен ҮЕҰ өкілдері, заңгер мамандар бар. Съезде көтерілген бастамалардың көп ұзамай нақты іске айналуы саланы дамытуда.

Мәселен съезде көтеріліп, кейін шешімін тапқан бастамаларға көз жүгіртсек, сот сатыларының дербестігі күшейтіліп, істерді қараудың жеделділігі мен сапасы арттырылды. Сот қаулыларын орындаудың баламалы әдістері, жеке сот орындаушылары институты өмірге келді. Алқабилер соты жұмыс жасап тұр. Мамандандырылған соттар жүйесі дамытыла түсуде. Мамдандырылған ауданаралық экномикалық, әкімшілік соттарының қатарына соңғы жылдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот пен кәмелетке жасы толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соттар қосылды. Болашақта дамыған елдердегідей салық соттарын құру жобасы да бар. Сондай-ақ дауларды шешудің баламалы әдістері жетілдірілді. Тергеу әрекеттеріне сот бақылауы орнатылып, бүгінде тұтқынға алу мен қамауда ұстауға санкцияны соттардың беруі қалыпты үрдіске айналды. Тергеу судьясы институты енгізіліп, оның құзіреттіліктері кеңейтіле түсуде. Сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың қазақстандық жүйесі қалыптастырылуда. Сот жүйесін дамытуға қатысты іргелі заңдардың қабылдануы өз нәтижелерін беруде. Бітімгершілік институттары дами түсіп отыр. Медиаторлардың қатысуымен қаралатын істердің саны жылма-жыл артып келеді. Соттардың қызметіне ақпараттық технологиялардың жаңа жетістіктері батыл енгізілуде. Соның арқасында елімізде карантиндік жүйе енгізілген кезеңде сот саласы абдырап қалмай, сот отырыстарын онлайн түрде жалғап кетті. Кез келген адам кез келген жерде сот отырысына қатысуға мүмкіндік алуы саланың дер кезінде цифрланып бейімделгенінің арқасы деуге болады. Автоматтандырылған электрондық құжат айналымы, соттардың интернет кеңістігінде болуы, сот процестерін бейнеконференция байланысы желісінде өткізу, процеске қатысушылардың сотқа келмей-ақ, интернет арқылы сотта өзінің құжаттарының жылжуымен танысуға мүмкіндік беретін ақпараттық сервистерді пайдалануы сот жүйесінің бүгінгі күнгі өмір шындығына айналып отыр. Қазіргі кезде соттарда барлық іс жүргізу электронды жүйе арқылы жүзеге асырылуда. Компьютерлік жаңа технологияларды игеру сот қызметкелерінің білім-біліктілігі мен дағдысын жаңғыртып, уақыт көшінің алғы сапына жетеледі. Яғни съезде көтерілген мәселелер осы аралықта жүзеге асып келеді. Сондықтан судьялар жиынының маңызы зор!

Олжас Күреңбеков Қуатұлы, Қапшағай қалалық сотының төрағасы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...