Судьялар одағы – жаңа реформалардың бастамашысы

«Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі 1996 жылғы 19 желтоқсанда республика судьяларының I съезінде құрылғаны белгілі. Міне содан бергі отыз жылда бұл ұйым өзінің қоғамдағы орнын айқындап, судьялардың қорғанына айналды.

Сонымен бірге осы жылдар ішінде одақ судьяларды әлеуметтік, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп, тәуелсіздігі мен мәртебесін нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Судьялардың кәсіби өсуіне жағдай жасады. Ол үшін аға буын мен жас буын арасындағы сабақтастықты қалыптастырып, тәлімгерлік мектептің жандануына жағдай туғызды.

Судьялардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру үшін сот жұмысында шұғыл реттеуді қажет ететін маңызды мәселелерді ортақ талқыға шығарып, республиканың түкпір-түкпірінде төрелік жасап жүрген судьялардың бір алаңда өзіндік пікірін әріптестердің назарына ұсынуына жол ашты. Бұл судьялардың бір-бірімен танысуына, тәжірибе алмасуына көмектесетін бірегей алаңның рөлін атқарды.

Сонымен қатар судьялардың біліктілігін көтеріп, шеберлігін шыңдау мәселесі де назардан тыс қалған емес. Ол үшін арнайы курстар ұйымдастырылып, тәжірибелі судьялар мен сот ардагерлерінің дәрістерін өткізуге ұдайы көңіл бөлініп келеді. Мұндай семинар, дәрістер бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастырып, судьяларды қателік жіберуден сақтандырады.

Судьялар одағы сот билігінің беделін арттыру бағытында да жылдар бойы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Ол үшін әр өңірдегі соттардың жағымды істерін, судьяларға айтылған алғыстарды көпшілікке тұрақты насихататуда. Әсіресе сот отырыстарының жари түрде өткізілуі, тікелей желіде көрсетілуі сот жұмысының қаншалықты күрделі, жауапты екенін көрсетіп қоймай, жастардың судья мамандығына деген қызығушылығын оятқанын мойындауымыз керек.

Судьялардың Судья әдебі кодексінде қойылатын талаптарды сақтауын қамтамасыз ету, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, сот билігін нығайту да күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелер қатарында.  Сот практикасы мен заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру және оларды оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысу, соттардың қызметіне және құқық қолдану практикасына қатысты заңдар мен өзге де нормативтік актілердің жобаларына тәуелсіз бағалау жүргізу де Судьялар одағының тұрақты назарында.

Одақ төрт жыл сайын өтететін съездердің, жыл сайын ұйымдастырылатын спартакиаданың да ұйытқысы. Бұл шаралар сот жұмысын жандандыруға ғана емес, судьялар арасындағы ұжымдық бірлікті, командалық рухты қалыптастыруға да ықпалын тигізіп келеді. Отыз жыл бойы осындай ауқымды іс-шаралардың басы-қасында болып, өзінің қоғамға, сот қауымдастығына қажет екенін дәлелдеген Судьялар одағы алдағы уақытта да жақсы істердің басы-қасында болып, судьялардың қорғаны боларына сенім зор.

Б.Даулетова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...