12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызметкерлерге қойылатын жалпы талаптар жөнінде

Мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуi тиiс.

Егер мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйектi ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнiнде қажеттi шаралар қолдануы тиiс. Қажеттi шараларға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттiк орган басшылығын хабардар ету жатады.   

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейiн мемлекеттiк органның басшылығы олар бойынша, оның iшiнде, егер оның iс-әрекеттерiнде мемлекеттiк қызметшiнiң қызметiн одан әрi жалғастыруға терiс ықпал ететiн заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттiк қызметшiнi заңсыз қудалаудан, оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдайды.

Мемлекеттiк қызметшiлер өз iс-әрекеттерiмен және шешiмдерiмен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруды қиындататын әкiмшiлiк және өзге де кедергiлерге жол бермеулерi тиiс.         

Мұндай фактiлер анықталған жағдайда мемлекеттiк қызметшiлер оларды жою жөнiнде шаралар қабылдауға тиiстi.

Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнiнде барлық мүмкiндiктердi пайдалануы, жеке мүдделерiне және үшiншi тұлғалардың мүдделерiне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуi тиiс.

Мемлекеттiк қызметшiлер жеке мүлiктiк және мүлiктiк емес пайдалар алу үшiн өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктердi қолданбауға тиiс. Мемлекеттiк қызметшiлер мүдделер қақтығысын болғызбау үшiн шаралар қолдануы тиiс.

Еңбек шеңберіндегі адамдар қарым-қатынасы әр түрлі нормативтік кодекстермен реттеледі. Жалпы, өзін-өзі ұстаудың сыртқы түрлерін реттейтін, мінез-құлықтың қалыптасқан ережелері мен тәртіптер жиынтығы этикет деп аталады. Этикет түрлерінің ең жасы- қызметтік этикет. Қызметтік этикетке қойылатын талаптар уақыт өткен сайын және қоғамдағы әртүрлі факторлардың әсер етуінен өзгереді.

Мемлекеттік қызмет этикасы мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым-қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени-ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік- философиялық пән болып табылады. Жалпы азаматтық және арнайы қасиеттерге тоқталу арқылы мемлекеттік қызметшінің этикалық бейнесін шығаруға болады. Жемісті еңбек қызметшілер арасындағы қарым-қатынас үрдісінде өзара адалдық пен әділдікті талап етеді. Бұл мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағы басты нормаға жатады. Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді. Жалпы ең маңызды мемлекеттік қызметшілердің өз қызметінде сақтауы тиіс деңгейлерге тоқталатын болсақ, әрине ол: Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге. Республика азаматтарының құқық­тары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге.  Мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға. Мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға. Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс. Мемлекеттік қызметші болу, бұладамдармен тең қарым-қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасының маңызды аспектісі- моральдық тұрғыда өзін-өзі шектеу, яғни басқа азаматтарға қарағанда оларға жоғары талаптардың қойылуы. Мемлекеттік қызметшілер өзінің қызметтік міндеттеріне байланысты адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына оң көзқарасымен ерекшеленуге тиіс. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің қарапайым азаматқа қарағанда көбірек мүмкіндіктерінің болғандығынан, оларға көбірек талаптар мен шектеулер қойылады. Этиканы қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие болып табылады, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назар аудартады. Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыләрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу сияқты барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға міндетті.

Мемлекеттiк қызметшiлер қарапайымдылық танытуға, көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбауға тиiс.

                                                          Октябрь аудандық сотының

                                         бас маманы, сот отырысының хатшысы

                                          Д.М.Сулейменова

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...