12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру

Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Имидж деген сөз (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық — психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрдежүзеге асыруға тиіс.

Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметші өз қызметіне — қызметтік тәртiпті сақтауға, қызметтік әдепті сақтауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  бас маман сотырысының хатшысы Б.Меңліхожаев.

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...