12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

Сот пен БАҚ байланысы жоғары

Сот саласы бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Бұл Мемлекет басшысы атап өткендей сот ашықтығы мен сотқа деген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті шарт.

Мұның басты белгісі – республикадағы барлық сот процестері ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттік құпия туралы істер қаралатын процестер жабық есік жағдайында өтеді. Сонымен бірге, сот отырысына БАҚ өкілдерін қатыстыру үшін тараптардың пікірі сұралатынын да ескергеніміз жөн. Егер тараптар сот процесінің көпшілікке тарағанын қаламаса, журналистердің сот процесіне қатысуын құптамаса, сотқа төрағалық етуші процесті тек тараптардың қатысуымен өткізеді.

Ал тараптар келісім берген процестерге тілшілер еркін қатысып, сот отырысын толық жазып, көпшілікке ұсына алады. Журналистердің халыққа ұсынған ақпараты шындыққа сай, мәліметке бай, жалған дереткерден ада болуы үшін сот саласының қызметкерлері қолда бар ақпаратпен бөлісіп, заңға түсініктеме беруге әрқашан дайын.

Бұған қоса, бүгінде барлық соттардың әлеуметтік желілерде өз парақшалары бар. Онда сотта қаралып жатқан шулы істер бойынша нақты мәліметтер беріледі. Сонымен бірге, сотта өтіп жатқан шаралар, семинар-тренинг, сот төрағасының қабылдаулары туралы хабарландырулар дер кезінде жарияланып тұрады.

Судьялар мен сот мамандарының әлеуметтік желілер де аса белсенді жұмыс істейтінін айта кетуіміз. Өз жазбаларында судьялар жаңа заңдардағы артықшылықтарға тоқталып, өзгерістер мен толықтырулар туралы кең көлемді мағлұмат беруді дәстүрге айналдырған.

Соттарда арнайы Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жолға қойып отыратын үйлестіруші судьялар белгіленген. Үйлестіруше судьялыққа сот саласында тәжірибесі мол, тіл байлығы мол, сала жұмысын тыңғылықты түсіндіріп беретін мамандардың іріктелетіні белгілі. Олар да сот пен БАҚ-тың байланысын нығайтуға зор ықпал етіп келеді.

Д.Акетаев,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Алқабилер соты — халық пен мемлекет арасындағы көпір

Алқабилер соты – бұл Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан сот...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті»

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Сот кабинеті – сот жүйесіне қолжетімділіктің кепілі

Сот кабинеті — Қазақстан Республикасы соттарының сервистеріне электрондық түрде...