12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Этика жөніндегі өкілетті тұлға және оның ұжымда психологиялық моральдық ахуалды қалыптастырудағы рөлі

Мемлекеттік қызметшінің этикасы өте маңызды. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметкерлердің этика кодексі қалыптасқан. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі» мемлекеттік қызметтегілер үшін қызметтік этика ережелерін белгілейтін норма ретінде белгіленген. Осы Ар-намыс кодексімен бірге Этика жөніндегі өкілетті тұлға туралы ереже де қабылданған болатын.


Атап өтер жайт, бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік органдарында мұндай қызмет болмаған еді. Және бұл штат бірлігі барлық ұйымдарда болуы міндеттелді. Ол қызметті атқаратын адам ұжымда ар-намыс кодексінің қатаң сақталуын қадағалап қана қоймайды, сонымен қатар әріптестерінің құқықтарын да қорғайды. Мысалы, этика жөніндегі өкілетті тұлғаға бастығыңыздың шектен тыс қатал екенін айтып шағымдануға, жұмысқа деген қатынасыңыз қандай екенін бүкпесіз ашық айта беруге болады. Яғни бұл маман ұжымдағы жағымды аураны қалыптастыруға, әріптестерінің ешқайсысының құқығы бұзылмауына оң ықпал ете алатын маман деуге болады.


Негізі белгілі бір ортадағы ұжым бұл өзара байланысты адамдар мен жеке тұлғалардың көптеген топтарынан тұратын күрделі жүйе. Мұндай ортада Этика жөніндегі өкілетті тұлғаның болуы сол ұжымның ауызбіршілігін артырып, еңбек тәртібінің күшеюіне оң ықпалын тигізері анық. Осы орайда аталмыш қызметке талдау жасаған тиісті органдар да алдын ала Этика жөніндегі өкілетті тұлғаның ұжымдағы қызмет ахуалын жақсартып, барлық деңгейлердегі мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыруына өз әсерін тигізеді деп болжам жасаған болатын. Осы орайда бүгінгі күні олардың үміті ақталды деуге де болады. Өйткені Этика жөніндегі өкілетті тұлға ұжымдағы маңызды тұлғаға айналуда. Сондықтан бүгінгі күні кез келген ұжымда Этика жөніндегі өкілетті тұлға қызметкерінің болуы маңызды болып отыр.


Негізі Этика жөніндегі өкілетті тұлға қызметіне кез келген адам тағайындалмайды. Ережеде бұл аса жауапты қызметті «ұжымда абыройы асып, құрметке ие болған адам» ғана атқара алады делінген. Сондықтан абыройлы тұлғаның ұжымдағы сөзі де өткір, мойнына жүктелген жауапкершілікке де сай болуға тырысары анық.


Мемлекеттік қызметте қандай да бір мәселе туындап немесе мемлекеттік қызметкердің өз құқығын қорғауда заңсыздықтарға жол берілген жағдайда Этика жөніндегі өкілетті тұлғаның функциясының маңызы зор! Мемлекеттік қызметшіге қажет кезде заңдық ақыл кеңес беру де оның басты міндеттерінің біріне жатады. Туындаған мәселені шешу үшін қажетті кезде лауазымды тұлғамен қажет болса келіссөздер жүргізу, араағайындық жасап, ұжымдағы жағымды аураны қалыптастыруға тырысуға да Этика жөніндегі өкілетті тұлғаның мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтегі кез келген ұжымның психологиялық моральдық ахуалын қалыптастыратын ең негізгі маман Этика жөніндегі өкілетті тұлға екенін оның атқарған әрбір ісінен аңғаруға болады.


Мәселен Этика жөніндегі өкілетті тұлға мемлекеттік қызметшілердің этикасына сай әділдік, ашықтық, адалдық пен сыпайылық қағидаларын үнемі ұстанып, халыққа талапқа сай қызмет ету қажеттігін мемлекеттік қызметшілердің «естеріне салып», тәрбиелік, түсіндірме жұмыстарын да жүргізіп отыруы тиіс. Ол түсіндірме жұмыстары тренинг, тимбилдинг, түрлі кездесулер немесе дөңгелек үстел түрінде өтуі мүмкін. Қажет болса олар аудандар мен аймақтарға барып, ол жерлерде түрлі шаралар ұйымдастырып, кез келген маманмен тең дәрежеде сөйлесе де алады. Және сол жұмыстарын әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып халыққа көрсетіп, мемлекеттік қызметші мен халықтың арасын жақындатуға күш салу да аталмыш қызметшінің құзіретін жатады. Ұжымдағы қырғи қабақ аураның тігісін жатқызып, достық қарым қатынас орнатуға да атсалысады.

Өйткені кез келген ұжымдағы қандай да бір келіспеушілік сол жердегі жұмыс өнімділігіне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан Этика жөніндегі өкілетті тұлға сондай мәселенің алдын алып, ұжымдағы мәселелердің алдын алып, жағымды көңіл күй қалыптастыруға ықпал жасайды. Қоғамда мемлекеттік қызметшіге қатысты қандай да бір дау туындай қалған жағдайда әлеуметтік желінің көмегіне сүйене отырып, халықпен бейнеконференциялар ұйымдастырып, шынайы ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшінің дұрыс имиджін қалыптастыруға тырысу да Этика жөніндегі өкілетті тұлғаға жүктелген бір міндет. Ұжымға келген жаңа қызметшіге мемлекеттік қызметшінің этикаларын таныстыра отырып, оның сол ортаға тез сіңісіп кетуіне де Этика жөніндегі өкілетті тұлға атсалысуы қажет. Қарап отырсақ Этика жөніндегі өкілетті тұлғаның ұжымдағы маңызы зор, ұжымда психологиялық моральдық ахуалды қалыптастырудағы рөлі де орасан екенін байқап отырмыз.


Жалпы мемлекеттік қызметкерлердің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексіне» бағына отырып еңбек етуі маңызды. Өйткені кодекс қағидаларын бұзып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке нұқсан келтіргендер үшін қатаң сөгістен бастап жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілік қарастырылған. Соңғы жылдарда бірлі жарым қызметтегі және одан тыс уақыттағы теріс қылығы үшін жұмыстан шеттетілген шенеуніктер осы кодекс талабына сай келмеуінен деуге болады. Алдағы уақытта Этика жөніндегі өкілетті тұлғаның қызметі саладағы мұндай келеңсіздіктердің орын алмауына ықпал етер деген үміт зор!
Елімізде мемлекеттік қызметкерге қойылар талап та жыл өткен сайын жоғарылап келеді.

Мәселен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы олардың тәртіптік жазаларының болу-болмауына тікелей тәуелді болған болатын. Яғни егер мемлекеттік орган қызметкері Ар-намыс кодексінің қағидаларын бұзып, сол үшін тәртіптік жазаға тартылған болса, еңбекақыға қосылатын үстемақыдан қағылады. Сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-ші қадамына сәйкес әзірленген құжатта мемлекеттік қызметшінің жұмыс барысындағы іс-қимылының қағидасы, көпшілік алдында өзін-өзі ұстау ережесі, тіпті жұмыстан тыс уақыттағы жүріс-тұрысына дейін қарастырылған болатын. Аталмыш Кодексте мемлекеттік органдарда жемқорлықтың алдын алу шараларына да басымдық берілген. Осы орайда мемлекеттік қызметкерді сыртқы қысымнан, ұжымдағы шектен тыс талаптардан қорғайтын бір тұлға болса ол Этика жөніндегі өкілетті тұлға болады деген сенім зор!

Серік НАКУЛЛОВ, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

– Андрей Иванович, Ақмола – табиғат ерекше байлық сыйлаған...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...

Электронное судопроизводство как фактор повышения открытости судов

Судебная система в числе первых органов государственной власти перешла...

Талап арыз қай тілде берілсе, сот ісі сол тілде жүргізіледі

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлттың ұлт ретінде дараланып, тарихы...