spot_img
spot_img

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс осы субъектінің қатысуынсыз өтпейді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот отырысының хатшысы сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, бірақ бұл ретте сот төрелігін іске асыру жөніндегі функцияны орындамайтын және судьяны алмастырмайтын іс жүргізу тұлғасы болып табылады.

Сот процессін дұрыс ұйымдастыру, сот құжаттарын, сот отырысының хаттамасын дұрыс, нақты, сауатты жасау сот отырысы хатшысының жұмысына байланысты. Сот отырысының хатшысы іс материалдарын сот отырысында қарауға дайындаумен айналысады, хабарламаларды, шақыру қағаздарын, смс-хабарламаларды процеске қатысушылар мен тараптарға жібереді. Сонымен қатар, ол процеске қатысушы адамдардың келуін де қамтамасыз етеді. Бұған қоса ол өзі сот отырысына қатысады және сот отырысының хаттамасын жүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерін заңнама талаптарына сәйкес ресімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады.

Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, сот отырысының хатшылары тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жазып, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй ғана маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Сондықтан судьяның тікелей көмекшісі, сот отырысының ұйымдастырушысы сот хатшысына көп нәрсе байланысты.

Кусаинова Балым Каныбековна, Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы

Сауатты жан сергелдеңге түспейді

Еліміз тәуелсіздігін алған кезден бастап зайырлы, құқықтық мемлекет орнатуға...

Медиациялық келісімнен ұтарымыз көп

«Медиация туралы» заңның қабылданып, қолданысқа енгеніне он жылдан аса...

Әдеп кодексін сақтау әрбір судьяға міндет

Заң үстемдігін орнатудың кепілі саналатын судьялардың парасат-пайымы, кісілік келбетіне...

НАУРЫЗ ҚҰТ-БЕРЕКЕ ӘКЕЛСІН!

Құрметті әріптестер! Судьялар қауымдастығы атынан сіздерді көктемнің көркем мерекесі...

УВАЖАЕМЫЕ КОЛЛЕГИ!

От имени судейского сообщества поздравляем Вас с прекрасным весенним...