12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дәлелдемелерді дұрыс ұсыну – құқығыңды дұрыс қорғаудың кепілі

Жұртшылықтың сотқа жүгінген кезде дәлелдемелерді дұрыс ұсынуға мән бере бермейтінін тәжірибе көрсетіп отыр. Соның салдарынан өздерінің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай жатады. Ал, даулы іс үшін нақты дәлелдемелердің мәні зор. Осы себепті, көпшілікті Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіндегі (АПК) дәлелдеме, оларды сотқа ұсыну нормаларынан хабардар еткіміз келіп отыр. Алдымен 63-бап, дәлелдеменің не екеніне келсек, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін, сондай-ақ, істі дұрыс қарап, шешуде маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

АПК-да көзделген тәртіппен алынған дәлелдеме сотпен жарамды деп танылады. 66-баптың екінші бөлігінде көзделгендей, мәліметтердің дәлелдемелер ретінде пайдаланылуына жол бермеу соттың қалауы немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхатымен анықталады. Дәлелдеу міндетін айтар болсақ, әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған барлық дәлелдеме мен қарсылықты судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс. Егер қажетті дәлелдемелерді ұсыну мүмкін болмай немесе қиындық келтіріп жатса, іске қатысушы немесе мүдделі адам соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз етуді сұрай алады.

Заң бойынша іске қатысты дәлелдемелер істі сот талқылауына дайындау кезінде ұсынылады. Егер тараптар бұл кезеңде ұсыну мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында беріледі. Аталған Кодекстің 404-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылуы мүмкін. Есте ұстарлығы, тараптар қолында бар дәлелдемелерді бірінші сатыда бермесе, оларды апелляциялық, кассациялық сатыларда ұсына алмайды. Яғни, барлық дәлелдеме бірінші сатыдағы сотта берілуі керек.

73-баптың екінші бөлігіне сай, сот маңызы бар мән-жайларды тараптар мен іске қатысушылардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып анықтайды. Азаматтар істі сот талқылауына дайындау немесе талқылау барысында ашылған дәлелдемелерге ғана сүйене алады. Істің дұрыс шешілуін қамтамасыз ету үшін сот тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалардан қажетті қосымша дәлелдемелер сұратуға құқылы. Сондай-ақ, сот тараптардың өтінішхаты бойынша оларға қолжетімсіз дәлелдемелерді талап етіп алдыруға да көмектеседі. 4-бөлікте көрсетілгендей, бірінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырған, тарапқа қажетті дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсету туралы өтінішхат апелляциялық соттың алдында апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мәлімделеді.

Дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсету туралы өтінішхатта осы дәлелдемемен іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе теріске шығарылатыны, оларды өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер, тұрған жері көрсетілу міндет. Қажет болса сот іске қатысатын адамға дәлелдемені алу үшін сұрау салуды береді. Ол оны тікелей сотқа өткізеді немесе тиісті сұрау салуы бар адам арқылы сотқа береді. Айта кетерлігі, корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелер тек соттың талабымен тікелей сотқа жіберіледі.

Талап етілген дәлелдемелерді ұсынбау себебін сотқа хабарламаған, сондай-ақ, сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша белгіленген мерзімде дәлелдемелер ұсынбаған кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғалар осы Кодекстің 9-тарауы бойынша әкімшілік жазаға тартылады. Және бұл сот талап еткен дәлелдемені иеленген тұлғаны сотқа ұсыну міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамағандар қылмыстық жауаптылықта болады. Егер тараптың бірі сот талап еткен дәлелдемені сұрау салу бойынша белгіленген мерзімде ұсынбаса, онда қамтылған мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталды деп болжанып, ол мойындады деп есептеледі.

Заң бәріне ортақ. Сондықтан да, заңмен әрекет еткен адам өз құқығыңның бұзылуына жол бермейді. Бұл үшін құқықтық сауаттың маңызы зор.

Гүлмира Айтжанова,
Алмалы аудандық №2 сотының судьясы
Алматы қаласы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...