spot_img
spot_img

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Халқымыздың 42 пайызы ауылдық аймақтарда тұратын болғандықтан олардың негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы екені айтпаса да түсінікті. Өкінішке қарай ауылдағы ағайынның қолындағы санаулы малына ұрылардың көз алартуы тыйылмай тұр. Амалын тауып қорасынан, қала берді өрісте жүрген жерінен қолды қылу арқылы ол жанұяны жалғыз күнкөріс көзінен айырудың зардабы үлкен екені сөзсіз. Өйткені ауыл қазағы сойса ет, сауса сүт, өсірсе пайдаға кенелтетін сол малға арқа сүйеп отыр. Сондықтан мал ұрлығын ауыр қылмыс санатына жатқызу қажеттігін құқық қорғау саласы мамандарының қозғауы бекерден бекер емес.

Тіпті бұл мәселе еліміздің мемлекет басшысын да алаңдатып, 2019 жылы қазанда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында осы мәселеге қатысты «Заңға өзгер­тулер енгізуді тапсырдым: мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» деп жазған еді. Осылайша мал ұрлығының алдын алу жолында ең алдымен жазаны күшейту қажеттігіне мемлекет басшысы тарапынан қозғау салынды. Ақырында Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» туралы жеке бап ен­гізіліп, барымташылардың жазасы кү­шейтілді. Яғни, заң бұзушылықтың бұл түрі аса ауыр қылмыстардың қатарына жатқызылды. Қылмыстың өтеуі жаза екенін ескерсек, ең алдымен заңның толықтырылып, жазаның күшейтілуі мал ұрлығының алдын алуда дұрыс қадам болды деп айта аламыз.

Және онымен қарап отырмай елімізде мал ұрлығына қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін заңнамалық күшейтулермен қоса ұйымдастырушылық және практикалық шаралар да қабылдануда. Атап айтар болсақ министрліктің бас­тамасымен жергілікті атқарушы органдарға мал жаю қағидасын әзірлеу және бекіту құзыреті берілді. Осыған сәйкес малды жайылымға бақылаусыз жіберуге тыйым салынды. Яғни малды ұдайы бақылап отыру арқылы барымташылардың мал жайылымдарында айласын асыруының жолы кесілді десек те болады. Қылмыстық кодекстің мал ұрлығына қатысты жаңа бабы бойынша қылмыс жасаған адамның мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза бекітілді. Осы бап негізінде үй-жайларға кіріп, мал ұрлайтындарға жаза күшейтілді. Сондай-ақ бұл бап ұрылардың жәбірленушілермен татуласу арқылы жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеуге және ұрлықтың алдын алуды күшейтуге мүмкіндік берді. Бұрынғыдай «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп өзара татуласып, ат шапан айыбын төлеп, ұрының жазадан сытылып кетуіне жол жоқ.

Мал ұрлығының ұйымдасқан түрімен күресу үшін өңірлерде жедел-іздестіру топтары жұмыс істей бастады. Олар үнемі мал базарлары мен мал сою орындарында арнайы рейд ұйымдастырып, ұрлық малдың тез арада көзін құрту үшін сойып жіберуінің алдын алады. Бүгінде осындай мал ұрлығының алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында мал ұрлығы азайып келеді.

Кожатаева Малика Карифоллаевна, Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

Биыл Қызылорда облыстық сотының 85 жылдық мерейлі мерекесі

Атаулы мерейтой қарсаңында осы облыстық сот тарихында 39 жыл...

Цифрлы  сот – заман талабы

 Халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру мен сот өндірісін айтарлықтай...

Гендерлік теңдік көрсеткіші жақсарып келеді

Қазіргі қазақстандық қоғамда гендерлік саясатты іске асыру мемлекеттік саясаттың...

Ел болашағы тіл тағдырына тікелей байланысты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, алайда, қазақтіліне...

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨНДІРІЛГЕН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Жалпы Алматы қаласында әкімшілік құқықтық cтатистиканың жағдайы қалай? 2023 жылдың...