12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Сот кабинетінің» маңызы зор!

Қазіргі заман бұл электронды технологияның дамыған кезеңі. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану — сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Осы орайда сот саласының қызмет көрсету сапасын арттырған «Сот кабинеті» электрондық жобасы бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға мұрындық болған, электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік берген жүйе әсіресе қазіргідей төтенше жағдай режимі кезінде аса маңызды рөл атқарып отыр.  
 «Сот кабинеті» — бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе. Ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға да пайдасын тигізеді. Ең бастысы заман талабына сай электронды құжат айналымы жұмыстарын күшейтуге оң ықпал етті. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың «sud.kz» ресми сайтында іске қосылған. Ол соттың да, сотқа жүгінген азаматтың да уақыты мен жұмысын азайтады, себебі электрондық операцияларға 3-5 минуттан ғана уақыт жұмсалады, бұл азаматтың сот кеңсесіне барып, кезегін күтіп, жолына және құжаттарға қатысты біршама жұмсалған қаражатына қарағанда неғұрлым тиімді екені көз жеткізіп отырмыз. Азаматтарды үйден шықпауға, соттаспай бітімге келуге барынша үндеп отырған қазіргі кезеңде онлайн жүйенің маңызы айтпаса да түсінікті. Сондықтан жүйенің  ыңғайлылығына байланысты, қоғам тарапынан оны пайдаланушылардың саны күн өткен сайын көбеюде. Біз де өз тарапымыздан халықтың заманауи технологияны тез игеріп, онлайн жүйенің игілігін көруіне жағдай жасап отырмыз. Әр адамның ЭЦҚ арқылы қалаған қызметіне тез арада қол жетуі үшін жағдай жасаудамыз.

Жалпы еліміздегі соттардың барлығы біріңғай элекрондық құжат айналымына толықтай көшті деуге болады. Тәжірбие көрсетіп отырғандай, біріңғай электрондық құжат айналымы қағазбастылықтан құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге, түрлі шығындарды азайтуға да айтарлықтай септігін тигізуде. Сондай-ақ, құжат айналымының электрондық тәртіпке көшуі мемлекеттік мекемелердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп отырғаны байқалады. Сондықтан қазірдің өзінде мамандар тарапынан жемқорлықтың алдын-алуда таптырмас тәсіл ретінде бағаланып отыр. Түрлі қызметтерді онлайн топтастырған, қағазбастылықтан арылтып, жемқорлықтың жолын кесетін мұндай электронды қызметті алдағы уақытта жетілдіре түсу міндеті тұр.

Жалпы еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріліп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде сот билігі толық қалыптасып, түрлі реформалар жүзеге асты. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді. Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды.

Кожагулов Ержан Нуржанович, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы.

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...