12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨНДІРІЛГЕН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Жалпы Алматы қаласында әкімшілік құқықтық cтатистиканың жағдайы қалай?

2023 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін қорытынды бойынша Алматы қаласының мемлекеттік органдарымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған есепке алу» мәліметтерінің деректеріне сәйкес, «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде жалпы сомасы 6 млрд. 300 млн. 168 мың 594теңгені құрайтын 494 443 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 4 млрд. 117 млн. 859 мың 045 теңгесі өндірілді, бұл өндіріп алудың 65%-ын құрайды.

Әкімшілік құқық бұзғаныңыз үшін салынған айыппұл жайлы қайдан білуге болады?

 Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің (бұдан әрі — Комитет) сайтында, Сіз өзіңізге қатысты әкімшілік айыппұлдар туралы ақпарат ала аласыз және де нақты уақыт тәртібінде оны төлеу мүмкіндігіне ие боласыз.

Салынған айыппұлды екі мемлекеттік ресурс арқылы (qamqor.gov.kz. және egov.kz) онлайн режимде танысуға және өтеуге болады.

1) Ол үшін qamqor.gov.kz сілтемесіне кіріп, өзіңіздің жеке немесе заңды тұлға ретінде «Электрондық цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) арқылы авторизацияланғаннан кейін, «Өз айыппұлдарың туралы біл» терезесін таңдап, әрі қарай «Айыппұлдарды іздеу» батырмасын басып керекті «Хаттаманы» жүктеп алуға немесе басып шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Қағазға басып шығарылған хаттама электронды-сандық қолмен расталған және ресми құжат дәрежесіне ие.

Егер көрсетілген айыппұл төленбеген болса, онда «Төлеу» батырмасын басып, Қазақстан Республикасының «Электрондық Үкімет» порталының төлем бөлімшесіне өтіп, көрсетілген айыппұлды төлей аласыз.

2) «Электронды Үкімет» порталы арқылы Еgov.kz сілтемесіне кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөліміне өтесіз. «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу» қызметін таңдап, аталған қызмет түріне өту арқылы «Әкімшілік айыппұлдар» бөлікшесін қолданасыз. Егер сіздің атыңызда айыппұл бар болса, оны төлеу мүмкіндіктері қарастырылған ақпарат шығады.

Еgov.kz-тен айыппұлдарды көру үшін міндетті түрде ЭЦҚ болуы қажет. ЭЦҚ авторизациядан өткізу міндетті түрде талап етіледі. Осылайша, айыппұл туралы ақпаратты біле аласыз.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 811-бабына сәйкес, салынған айыппұлдың мөлшерін 50 % жеңілдікпен төлеуге құқылысыз, яғни әкімшілік құқық бұзушылықпен танысқан («Казпошта» АҚ-ның қызметкерлері табыстаған сәттен бастап немесе СМС байланыс нөміріңізге жолданған) күннен бастап, 7 тәулік ішінде төлеу қажет.

Бұдан бөлек, айыппұлды банктер мен онлайн-банкинг ресурстары, электронды үкімет порталы, интернет банктер, терминалдар мен түрлі электронды әмияндар арқылы да төлей аласыз. Алайда, бюджеттік сыныптама кодын (БСК), салық органының кодын (СОК) және төлем мақсатының кодын (ТМК) дұрыс көрсету қажет.

 «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» жобасын үйлестірудің әсерінен екінші деңгейлі 19 банктердің кассалық  терминалдары және қосымшалары арқылы айыппұлдарды өтеуге болады.

Айыппұлды төлегеннен кейін Комитеттің орталықтандырылған дерекқорына тікелей түседі, егер техникалық ахаулық салдарынан түспей қалған жағдайда айыппұл салған мемлекеттік органға төлем туралы түбіртектің көшірмесін тапсырып, төлем туралы мәліметті ақпараттық жүйеге енгізуін талап ете аласыз.

Жеке немесе заңды тұлға салынған айыппұлмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің    826-2–бабына сәйкес, айыппұл салған мемлекеттік органға шағым жасауға құқылысыз. Шағым жасау аталған мемлекеттік ресурстар арқылы да (qamqor.gov.kz. және egov.kz) онлайн режимде жолдауға болады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.

Егерде көлік құралы басқа тұлғаны иелiгiнде болса, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 31 бабы 2 тармағына сәйкес, көлiк құралының меншiк иесiнiң хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

Ескерту: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 811-бабы 2-тармағына сәйкес, айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының 50 % мөлшерін 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі. Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша

 басқармасының бөлім прокуроры

  Е. Таңат

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...