12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья көмекшісін енгізудің тиімді тұсы көп

Қазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезі де өз мәсересіне жетті. Биылғы съезде судья көмекшісі лауазымын енгізу мәселесі көпшілік талқысына салынды. Бұл көптеген сот қауымдастығы арасында айтылып, талқыланып жүрген маңызды мәселенің бірі.

Сот төрелігі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін негізгі құқықтық институттың бірі. Сот төрелігі жүйесін кезең-кезеңімен реформалау елеулі жетістіктерге әкелгенін халық көріп, біліп отыр. Бүгінде адамдар өз құқықтарын қорғауға және барлық дауларын сот арқылы шешуге мүмкіндік алды. Осы мүмкіндікті пайдаланған азаматтар өз құқығын сот арқылу қорғауға дағдыланып келеді. Мұны сотқа түскен арыз-шағымдар санының көбейгенін де байқауға болады.

Сот жүйесін дамытуда судья көмекшісі институтын енгізу қажеттілігі анық байқалып отыр. Сотқа түскен талап арыздардың, дауларды шешу туралы шағымдар мен өтініштердің тұрақты өсуі судьялардың жүктемесін де арттырды. Мұндайда судья көмекшісі институтын енгізу өзекті мәнге ие.

Сот маманы мен судья көмекшісі жұмысының айырмашылығы орасан. Судья көмекшісінің рөлі мен міндеттері хатшының жұмысын қайталамайды. Сот отырысы хатшысының жұмысы сот отырысына қатысушылардың процеске келуін тексеріп, сот отырысының хаттамасын жүргізумен байланысты болса, судья көмекшісінің жұмысы судьяның қызметіне ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, құжаттамалық, процестік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Судья көмекшісінің функционалдық міндеттеріне қолданыстағы заңнаманы қолданудағы даулы мәселелер бойынша қорытындылар дайындау, судьяға келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеу, қажетті мәліметтерді жинау, сот отырысы хатшысының қызметіне бақылауды жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргізу, сот қызметінің бағыттары бойынша талдамалық анықтамалардың жобаларын жасау және т. б. міндеттер кіреді. Судья көмекшілері сот төрелігін іске асыру сапасын арттыруға, оның ішінде әуре-сарсаңды жоюға және істерді қарау мерзімін сақтауға оң әсер етеді.

Сонымен қатар, қазіргі кезде судья кадрларын даярлау және іріктеу мәселелері сот төрелігінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Ал білікті судьялардың мектебінен өткен, тәлімін алған, тәжірибесін жетілдірген көмекшілер сот корпусын сапалы мамандармен толықтыруға мүмкіндік береді. Яғни, судья көмекшілеріне сот корпусын қалыптастырудың резерві ретінде қарау орынды. Демек, судья көмекшілерін енгізу – қоғам қажеттілігі.

Э.Ақбаев, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы[УзМ1]


 [УзМ1]

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...