12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судья көмекшісін енгізудің көмегі көп

Сот саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі жоғары. Жылдар бойы қолға алынған оң бастамалардың арқасында сот тәуелсіздігі нығайып, судьялардың мәртебесі артты. Сонымен бірге, сотқа деген сенімді арттырудың, сот жұмысының сапасын көтерудің тетіктері жан-жақты жасалды. Осы ретте Судья көмекшісі лауазымын енгізу – біраз уақыттан бері сот қауымдастығы ортасында талқыланып жүрген өзекті мәселенің бірі.

Тәжірибе көрсеткендей, судья жүктемесін азайту, судьялардың ізденуіне, тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызудың пайдасы орасан. Білімін жетілдірген, уақытын неғұрлым күрделі істерді зерделеуге арнаған судьялардың қателік жібермейтіні, істі сапалы, тыңғылықты қарайтыны талас тудырмайды. Соған орай, бүгінгі күнге дейін даусыз істерді нотариустардың құзырына беру, кейбір құқық бұзушылықтарды полиция қызметкерлерінің хаттама толтыру арқылы реттеуіне жол ашу бағытында сауатты қадамдар жасалды. Бұған қоса, «Медиация туралы» заң қолданысқа енгізіліп, дауды сотқа дейін, сотта шешудің рәсімдері көбейді. Осылайша тараптар өзара татуласу арқылы немесе дауды медиативтік келісім арқылы, сондай-ақ партисипативтік рәсімнің көмегімен шешуге қолжеткізді.

Ал судья көмекшісін енгізудің де артықшылығы аз емес. Ең алдымен судья көмекшісі – бұл судьялардың лайықты орынбасары. Қазіргі таңда отандық сотта судьялардың бос орындары баршылық. Егер судья көмекшісі лауазымы енгізілсе, сот жұмысының қыр-сырын жетік меңгеріп, тәжірибесін шыңдаған мамандар нағыз ізбасар болып, соттағы кадр жетіспеушілігін жояр еді. Екіншіден, судья көмекшісі лауазымының енгізілуі – судьяларды басы артық міндеттен құтқарары анық. Судья көмекшілері материалдар мен талап арыздардағы құжаттардың толықтығын тексеріп, ұқсас істер бойынша сот тәжірибесін зерделеп, судьялардың заңдар мен нормативтік актілерді таразылауына жағдай жасайды. Әрі өздері де сот істерін толыққанды меңгеріп шығады. Заңдардың қалай қолданылатынын, ортақ тәжірибе қалыптастырудың маңызы мен мәнін ұғынады.

Судья көмекшісі лауазымын енгізі биылғы өткен республика судьяларының ІХ съезінде де негізгі талқыға айналды. Шетелдегі сот жұмысында өзін-өзі ақтаған бұл институт қазақстандық сот жүйесінен де орын тапса құба-құп.

Рустам Измайлов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...