12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Судья көмекшісі» лауазымын енгізудің артықшылығы көп

Жақында Астана төрінде республика судьяларының ІХ съезі өткені белгілі. Бұл съезге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы қатысып, соттың кешегісі мен бүгініне баға беріп, алдағы уақытта бағдар етер міндеттер мен межелерді айқындауы қалыпты үрдіске айналған. Бұған дейінгі сегіз съезге де Президент қатысып, сот жұмысын жандандыруға қатысты түрлі маңызды мәселелер көпшілік талқысына салынды. Сол секілді биылғы съездің де көтерген жүгі, қозғаған тақырыбы қомақты.

Мәселен, осы мәртебелі басқосуда биыл судья көмекшісі лауазымын енгізудің артықшылықтары талқысына ұсынылды. Биылғы съезде бұл мәселе де назардан тыс қалмады. «Судья көмекшісі» лауазымы Ресейдің соттарында бұрыннан бар. Сонымен бірге, шетелдің сот жұмысымен танысып келген әріптестеріміз де әр судьяда бірден, кейбір елдерде екіден көмекшінің қамтамасыз етілетініне таңданысын білдіріп келді. Шындығында бұл керек институт.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, төрешілердің көмекшілері институты үлкен рөл атқарады. Қазақстандық сот жүйесінде мұндай институт жоқ. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, судьялардың көмекшілері сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Соты Сот жүйесін зерттеу орталығымен бірлесіп дайындаған «Судьялардың көмекшілері институтын енгізу» Талдамалық анықтамасында айтылған, онда судьялардың көмекшілері институтының (РФ, АҚШ, Франция, Англия, Италия) жұмыс істеуінің халықаралық тәжірибесі егжей-тегжейлі зерделенген.

Судья көмекшісінің артықшылықтары туралы айтқанда мына мәселелерді қаперде ұстау керек. Көмекшінің болуы ең алдымен судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Қазылардың әрбір іске тыңғылықты дайындалуына ықпал етеді. Өйткені, көмекшілер судьяға қажетті заңдарды, нормативтік қаулыларды тауып беріп, республикада қаралған істердің ортақ тәжірибесін ұсынады. Екіншіден, судья көмекшісі – білімін тәжірибемен ұштастырған, соттың қазанында қайнаған, шеберлігін жетілдірген дайын судья. Білікті судьяның мектебінен өткен, күнделікті жанында жүрген, заңның тәжірибеде қолданылуын зерделеген көмекшінің ертең мықты қазы боларына күмән жоқ. Яғни, судья көмекшісі институтын жандандыру арқылы біз сот вакансиясын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге қол жеткіземіз, резервті байытамыз, кадрларды таңдау мүмкіндігіне ие боламыз.

Негізі Азаматтық процестік кодексте судья көмекшісін енгізу механизмі қамтылған. Бірақ, қағаз жүзінде реттелген бұл маңызды мәселені қолданысқа енгізу әлі қолға алынған жоқ. Бұл мәселенің съезд мінберінен көтерілуі судья көмекшісі лауазымын тәжірибеге енгізуге көмектесері анық. Судья көмекшісін енгізу – судьяларға ғана емес, сот әділдігін нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға керек тетік.

С.Н.Баймакулова, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...

«ҚАЗАҚ» ӨЗ ОҚЫРМАНЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

1994 жылы ата-бабаларымыздың құрып, аманаттап берген тәуелсіздігін қайта тіктеп,...