12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья – адалдықтың, әділеттіліктің үлгісі

Әділеттілік деген сөздің мағынасы өте терең және қасиетті. Себебі, бұл сөз ұғымы адамдар арасындағы қатынастар шын көңілмен адал болу керектігін көрсетеді. Егер қандайда болмасын дауларды шешкен кезде объективті және әділетті шешім қабылданса, онда сот органында, судьяларға халықтың шынайы және толық сенімі қалыптасатыны сөзсіз. Осындай әділетті шешім қабылданғанда, ұтылған жақ та сот актісінің заңды және дұрыс екендігін қабылдайды. Азаматтардың қоғамда өзін қалай ұстауы керектігін заңмен белгілейді. Сондықтан да жеке тұлғалар арасындығы қарым-қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігі сот алдында теңдік негізінде жүзеге асырылады. Тараптардың ешқайсысына артықшылық жағдай жасалмайды. Алайда, олардың өз құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қайрайды. Бұл жағдайлар азаматтық заңның негізгі принципінің бірі саналады. Олардың ішінде бірінші ретте тараптардың құқықтық теңдігі қарастырылған. Яғни, іске қатысушылардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге жол берілмейді. Сонымен қатар, азаматтық заңның негізгі принципі – біреудің меншігіне қолсұғушылыққа жол бермеу. Бұл принцип конституциялық нормамен бекітілген.
Азаматтар затты иемденуге, қолдануға, басқаға беруге (сатуға) құқылы, оларға осындай іс-әрекеттерді жасауға ешкім де тосқауыл бола алмайды. Келісімшартты, оның орындалу тәртібін, олар өздерінің қалауымен ғана шешеді. Яғни, азаматтық қатынастардың негізгі элементі – келісім еркіндігі. Ол дегеніміз: кім де болса өз еркімен, басқа біреудің итермелеуінсіз, қандайда болмасын келісімшартты жасақтауды өздері ғана шешеді, келісімшартты кіммен, қандай жақпен жасауды да өздері таңдайды, келісімнің шартын да өздері белгілейді. Сондықтан да азаматтық-құқықтық келісім ерікті болғанда ғана және екі жақ келісе отырып жасағанда ғана орынды деп танылады.
Аталған жағдайларға байланысты азаматтық-құқықтық іс-әрекеттерді қамтамасыз ету үшін және бұзылған құқықты орнына келтіру үшін олар сенімді түрде қорғалуға жатады. Азаматтық құқықтар сотпен, арбитражбен төмендегідей тәртіпте қорғалады: құқықты тану; бұзылған құқықты орнына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін тудыратын әрекеттерге ты­йым салу, залалдардың орнын толтыру, төленетін айыпты өндіріп алу, мәмілені жарамсыз деп тану, моральдық, рухани зиянның өтемін төлету, құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту, т.б. жағдайларды ескеріп, заңда көзделген әдістермен заңдылықты жүзеге асыру. Бұл азаматтық-процессуалдық заңмен реттеледі. Заңның міндеті – бұзылған немесе дауланатын құқықтарды, бостандықты және заңмен қорғалатын азаматтардың, мемлекеттің және қоғамның мүдделерін қорғап, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту.

Сот істі негізінен шешу кезінде Конституциялық, Азаматтық іс жүргізу кодексінің және басқа да құқықтық актілердің талабын қатаң сақтауға міндетті. Әрине, ол заңдарды дұрыс қолданбаған болса, онда сот шешімі заңсыз деп танылады. Егер даулы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар болмаса, онда соған ұқсас қатынастарды реттейтін, ал егер ондай дауды реттейтін заң нормасы болмаса, онда жалпы заң түсінігінің бастама талабына сәйкес дау шешілуге жатады.
Егер заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен даулы жағдай сотпен шешілуге жатса, онда сот ол дауды әділеттілікпен және ақылға қонымды тұрғыда шешуі керек. Азаматтар және заңды тұлғалар оларға тиесілі азаматтық құқықтарын өздерінің қалауы бойынша реттейді. Сонымен бірге, азаматтық құқығын қолданған адам, ол басқаның құқығымен заңмен қорғалатын мүддесін бұзбауға тиіс және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге міндетті. Сондай-ақ, азаматтар қоғамның адамгершілік қағидаларын (принциптерін), ал кәсіпкерлер іскерлік әдептілік ережелерін сақтауы керек. Бұл міндеттерді келісімшартпен шектеуге немесе алып тастауға болмайды.
Азаматтар мен заңды тұлғалар басқа тарапқа зиян келтірілетін іс-әрекеттерді жасамауы тиіс, басқаның құқығын орынсыз пайдалану үшін құқықтың заңды түрде орындалуына қайшылық келтірмеуге міндетті. Заң талаптары орындалмаған болса немесе әділетсіздік, ақылға сыйымсыз, арсыздық, қиянат жасалса, сот ондай жақтың құқығын қорғаудан бас тартады. Аталған сөз мағыналары төмендегі түсінікті көрсетеді. Адал ниеттілік – өзінің міндеттерін адал орындау­шылар және олардың адамгершілік іс-әрекеттері орынды деп танылғаны. Ақылдылық, парасаттылық – адамның логикалық және шығармашылық ойлау қасиеттілігі, олардың нәтижесіне талдау жасайтындығы. Әділеттілік – іс-әрекеттерді заңдылық пен адалдық негізінде жүргізу, лауазымды тұлғаның істі қарағанда бейтарап болуы, тек қана даудың шындық жағын ғана ескеруі, орынсыз істермен және әділетсіздіктен зардап шегу шектерін айқындау.
Академик С.Зиманов «судьяның қызметі сондай, ол өзінің іс-әрекетімен немесе өзінің қабылдаған шешімімен адамның адал ниеттілік қасиетін жоғары көтереді немесе оны төмен түсіріп, тұңғиыққа итеріп, өлімге жеткізуі мүмкін» деп атап көрсеткен болатан. Сондықтан да болар «судья – әрқашан да адалдықтың және әділеттіліктің үлгісі болуға тиіс» деген. Олай болса, судьяларға жағдай жасап, тәрбиелеп және заңдылықты, әділеттілікті талап ету – мемлекетіміздің міндеті. Қоғамымыз­дың рухани деңгейі құқық нормаларының дәлелдеу негіздерінен көрінеді. Ол құқықтық – этикалық дамудың жемісі және қоғамдық қатынастың үлгісі.
Шынайы жағдайларды анықтау, ол сот тексеруі мен саралауының нә­тижесінде айқындалады. Сот тануы – ол адамды біліп-тану қызметінің бір бөлігі және оның анығына жету шынайы өмірдің заңдылығы болып саналады. Ал сот дәлелдемесінің негізгі мақсаты – даулы іс бойынша шынайы жағдайды анықтау немесе дәлелдердің көмегімен заңдылық фактінің бар не жоғын айқындау, соған байланысты заң бойынша олардың тараптар үшін құқықтық салдарын белгілеу, іске қа­жетті тағы да басқа жағдайларды анықтау. Іс бо­йынша дәлелдерді жинау, сотқа тапсыру және оларды талдап тексеру осы іске қатысушылармен орындалады. Дәлелдемелерді келтіру тараптарға және үшінші жақтарға міндеттеледі. Соттың қарауына тараптармен және басқалармен тапсырылған дәлелдемелер мен қызығушы жақтың қалау-тілегіне байланысты сұратылған дәлелдемелерді сот зерттеп, оған заң тұрғысынан баға береді.
Елімізде мемлекеттік және жеке меншік бірдей дәрежеде танылады және қорғалады, адамдардың құқықтары және олардың бостандықтары Конституция талаптарына сәйкес кепілденген. Адамдардың және азаматтардың құқығы мен бостандығы, басқалардың бостандығын және құқығын бұзбауы тиіс, конституциялық құрылымға және қоғамдық құндылыққа қарсылық келтірілмеуі керек.
Азаматтық қатынаста заң тала­бы бойынша бірде-бір адамның бас­қа біреу­ге өзінің ойын, іс-әрекетін мәжбүрлеп орындатуына жол берілмейді. Сондықтан арадағы жалпы жағдайлардың дұрыс орындалуына екі жақ та мүдделі, ол мәселе екі жақтың келісімімен ғана шешілуге жатады. Айта кету керек, келісімшарт оған қатысушылардың еркіндігіне байланысты болғанымен, ол келісімшартты әркімнің өз еркімен орындаудан бас тартуына болмайды. Азаматтық заңмен рәсімделетін қатынастарға байланысты, азаматтар мен заңды тұлғалар қандайда болсын іс-әрекеттер жасауға құқылы, егер олар заңға қайшы келмейтін болса ғана.
Азаматтық заңнамада уақыт туралы түсініктеме бар, ол бойынша іс-әрекеттер жасауға немесе оларды тоқтатуға болатындығы қарастырылған. Атап айтқанда, заңда талап арыз беру уақыты бекітілген, осы уақыт мезгілінде талап арызды қарау мүмкіндігі қарас­тырылған. Алайда, бұл уақыт мерзімі бұзылған құқықты қорғамайды. Ескере кету керек, талап арыз беру мерзімін кейде жауапкер жақ өткізіп жіберуге әрекет жасайды. Ол үшін мысалы қарызын бүгін-ертең қайтарамын деп созбалаңға салады. Соның салдарынан талапкер арыз берудің уақытын өткізіп алады, ал жауапкер осы жағдайды пайдаланып, сотта істі тоқтатуды сұрайды. Бұл әрине, әділеттілікке жатпайтыны белгілі. Себебі, талапкердің бұзылған құқығы қорғаусыз қалады. Бұл жағдайда жауапкер қарызды қайтармай, оны заңсыз пайдаланып кетеді. Қазіргі күнде келісімшарттағы міндеттемелер толық орындалғанша тоқтатылмайды деп көрсетілуде. Бұған қарамастан кейбір судьялар «талап арыз беру уақыты өтіп кетті» деген негізбен істерді қысқартуда. Ал мұндай жағдайда бұзылған құқықты орнына келтіру туралы заңда көзделген принцип сақталмайды.
Ақша да мүліктің бір түрі болып саналады. Себебі, ол азаматтық құқықтық қатынаста бола алады. Осы себепті ақша өзінің табиғатына баланысты екі түрге бөлінеді – нақты ақша – мүлік ретінде саналса, ал ақша нақты түрде болмай, оның құны банктік құжатта міндеттеме түрінде көрсетілуі де мүмкін. Осы айтылғандардың барлығы да толықтай қолданыстағы заңдарда қарастырылған. Солардың барлығын осы мақалаға жинап, жас судьялардың көңілін соған аудару мақсатында көрсетіліп отыр. Аға буын атынан сот алаңында әділетті шешімдер көбірек қабалданса деген тілегіміз бар. Осы заң талаптары қатаң сақталса, коррупцияны азайтуға әсерін тигізуге тиіс деп санаймын. Ендеше, әріптестер, іске сәт!

Бағдат Ахметов,
ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...