Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған сот төрелігін жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің ерекше өкілі. Сондықтан судьяның кәсіби қызметі тек заң талаптарын мүлтіксіз сақтаумен ғана шектелмейді. Оның қызметінде жоғары адамгершілік қасиеттер, адалдық, әділдік, парасаттылық пен мінсіз мінез-құлық ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда судья әдебі кәсіби жауапкершіліктің ажырамас әрі маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қоғамның сот жүйесіне деген сенімі ең алдымен судьяның кәсіби біліктілігіне ғана емес, оның әдебі мен мінез-құлқына да байланысты қалыптасады. Судья сот отырысында да, қызметтен тыс уақытта да өзінің әрбір әрекеті мен сөзінің қоғам тарапынан бағаланатынын ескеруі тиіс. Әдеп қағидаларын сақтау – судьяның жеке беделін ғана емес, бүкіл сот жүйесінің абыройын нығайтатын маңызды фактор.
Судья әдебінің негізгі қағидаттарына тәуелсіздік, бейтараптық, адалдық, әділдік, сыпайылық, жауапкершілік және кәсіби әдептілік жатады. Судья қандай да бір ықпалға немесе қысымға жол бермей, заң мен ар-ождан талабына сүйене отырып шешім қабылдауы қажет. Тараптардың әлеуметтік мәртебесіне, лауазымына немесе жеке көзқарасына қарамастан, барлығына тең қарап, әділ сот төрелігін жүзеге асыру – судьяның басты міндеті.
Әдеп нормаларын сақтау азаматтардың сотқа деген құрметін арттырып, сот билігінің ашықтығы мен беделін күшейтеді. Судьяның сабырлылығы, ұстамдылығы, тараптармен сыпайы қарым-қатынасы сот процесінің әділ әрі тиімді өтуіне оң ықпал етеді. Керісінше, әдеп қағидаларын бұзатын кез келген әрекет қоғамның сот жүйесіне деген сеніміне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қызылорда қаласының 2 сотының судьясы Сержанов Санат Баймурзаевич

Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері

Сот жүйесінің тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...