Су –ырыстың көзі

Су саласын дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Қазақстанның барлық өңірінде гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 975 тұрақты және 1866 уақытша жұмыс орны құрылмақ.

«Жаңа жұмыс орындарының ашылуы өңірлердегі, əсіресе ауылдық жерлердегі халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту салаға жаңа білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда су мамандығы бойынша шамамен 2,7 мың студент білім алып жатыр. «Қазсушар» РМК филиалдарында өндірістік тəжірибеден өтетін студенттер саны да артып келеді. Бұдан бөлек, сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары жəне ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 2024 жылы бекітілген Су саласын дамытудың кешенді жоспары бойынша жаңадан 42 су қоймасын салуға кірісіп, қолданыстағы 37 су қоймасын қайта жаңғыртылды. Қазіргі уақытта үш жаңа су қоймасының құрылысы басталды. Түркістан облысында екі су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Министрлік екі су қоймасын салуға арналған жоба құжатын əзірлеуді аяқтап, 13 нысанды салуға құжат əзірлеп жатыр. Сондай-ақ бес су қоймасын қайта жаңғырту жұмысы аяқталды. Бұдан бөлек, 18 нысан бойынша қажетті құжаттар əзірленіп жатыр. 2024–2025 жылдары 1,5 мың шақырым каналды реконструкциялау жəне жаңғырту жұмыстары аяқталды. Биыл жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді. Мəселен, екі жылда салаға тартылған инвестиция көлемі 676,7 млрд теңгені құрады. Оның 400 млрд-ы былтыр жұмсалды. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 22 пайызға жоғары. Егер 2021–2023 жылдары су саласына 569 млрд теңге инвестиция тартылғанын ескерсек, бұл жоғары көрсеткіш деуге болады. Соңғы екі жылда 1500 шақырым канал бетондалып, каналдарды механикалық тазарту жұмыстары жанданды. Тазартылған каналдардың жалпы ұзындығы 3158 шақырымға жетті. 2023 жылы 678 шақырым ғана канал тазартылған болатын. Былтыр суармалы егіншілікте су үнемдеу технологияларын енгізудің арқасында 874 млн текше метр су үнемделді. Бұл жоспарланған 728 млн текше метр көрсеткіштен 20 пайызға артық. Су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны да айтарлықтай өсті. 2024 жылға дейін мұндай жүйелер жылына орта есеппен 30 мың гектар жерге енгізіліп келсе, 2024–2025 жылдары көрсеткіш жылына 150 мың гектарға дейін жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде су үнемдеу технологиялары қолданылатын жер көлемі 543,5 мың гектарды құрады. 2030 жылға қарай мұны 1,3 млн гектарға дейін немесе республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 70 пайызына жеткізу жоспарланып отыр.

Əсем САТҚЫНОВА

В петле коррупции 

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АГЕНТСТВА ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВ ОТЧИТАЛСЯ ПЕРЕД...

По следам истины

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПО ДЕЛУ НУРАЙ СЕРИКБАЙ ОКАЗАЛОСЬ НЕ О...

8 августа — Международный день офтальмологии: своевременная диагностика помогает сохранить зрение

8 августа отмечается Международный день офтальмологии. Эта дата призвана...