Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға шығын қалай өтелді?

Су тасқыны кезінде малынан айырылған қазақстандықтардың шығыны өтелді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ақтөбе және Қостанай облыстарында мал шығыны көбірек болған.

«Өтемақы бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттан алынып жатыр (…). Барлығы алды (өтемақыны — еск.) — кейбіреулері бюджеттен, кейбіреулері бюджеттен тыс қаржыдан, қорлардан», — деді Бердалин ОКҚ брифингінде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3753 бас, Қостанай облысында — 3520 бас, Батыс Қазақстан облысында — 2457 бас, Атырау облысында — 1562 бас, Ақмола облысында – 510 бас, Ұлытау облысында – 453 бас, Қарағанды ​​облысында – 89 бас, Абай облысында – 79 бас, Солтүстік Қазақстан облысында – 27 бас ауыл жаруашылығы жануары өлген. Барлығы — 12 450 мал.

Министрлік барлық өңірде шығын 100 пайыз өтелгенін айтты.

Жеті облыста зардап шеккендерге ақшалай түрде – 10,5 мың бас мал үшін ақша төленген, тағы үш облыста тұрғындарға мал — 1885 бас ауыл шаруашылығы жануары сатып алынған.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.