Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі кезеңге арналған ауа райы болжамының жаңа деректерін ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр наурыз, сәуір әдеттегіден жылы болатынын әрі еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп жауатынын мәлімдеді. Бұл көктемнің тез келуіне және су тасқыны қаупі артуына ықпал етеді.

  • Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер қатарында Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, оған қоса Ұлытау және Абай облыстары бар.
  • Қауіп орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.
  • Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

«Биыл Қазгидромет алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағыстың ең жоғары мәндері, ағыс көлемі және қауіп аймағында орналасқан елді мекендерді көрсете отырып, болжамды басталу күндері көрсетіледі. Сондай-ақ, өткен аптадан бастап Қазгидромет апта сайынғы гидрологиялық болжамдарды шығара бастады. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса, «Қазгидромет» ескертулерді 2-3 тәулік бұрын хабарлайды», — деді Ерлан Нысанбаев.

Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын да мәлімдеді.

Бектеновтің тапсырмасы

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағытта бірқатар тапсырма берді.

«Су тасқыны басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін», — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, былтыр ел аумағында ірі су тасқыны болды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.