Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық құрылысты жөндеді. Сондай-ақ, су өткізу қабілетін жақсарту үшін 239 шақырым өзен арнасы тазартылды.

Еліміздің 16 өңірінде жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 384 бөгет жөнделіп, қайта тұрғызылды. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 6 облыстың (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) 84 елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру бойынша 57 жоба іске асырылуда. Бұл жұмыстар 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2024 жылы Қазақстанның 14 облысында 84 су шаруашылығы нысанына көп факторлы зерттеу жүргізілді. Биыл 105 гидроқұрылысты көп факторлы зерттеуден өткізу жоспарланып отыр.

«Еліміздің барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп тұр. Су деңгейіне тұрақты мониторинг және тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. Бос орындар дайындау үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда. Бұл су тасқыны кезінде суды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...