Ағымдағы жылдың 23 мамыры күні БҚО бойынша ҚАЖД кадр саясаты тобының қызметкерлері атап айтқанда, жеке құрам бойынша аға инспектор — психолог әділет аға лейтенанты А.Муксинова, кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Е. Азизов, пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты С.Джумагазиевтің ұйымдастыруымен Орал қаласы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогикалық факультеті «педагогика және психология» мамандығын тәмамдағалы отырған және 3 курс студенттерімен БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке орналасуға шақыру, кәсіби бағдар беру бағытында іс-шара өтті. Іс-шарада студенттерге ҚАЖ-де қызмет өткерудің ерекшеліктері, артықшылықтары, жеңілдіктері жөнінде мәлімет беріліп, қызығушылық танытқан студенттер жөнінде ақпарат жазып алынды.