2022 жылғы 9 мен 11 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» ЖПШ жүргізу кезінде Астана қ. бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Елордалық Есіл аудандық пробация қызметінің қызметкерлері пробациялық бақылауда тұратын «К» есімді сотталғанның көпбалалы отбасына қайырымдылық көмегін ұйымдастырды. Көпбалалы ананың асырауында төрт бала бар, үшінші қызы мүгедек бала болып келеді. Үлкен ұлы 12 жаста, кіші қызы 3 жаста.
Пробация қызметінің қызметкерлері, есепте тұратын сотталғандар қатарынан еріктімен бірге мектеп оқушыларына қыстық киім алу үшін балаларды балалар дүкеніне апарды. Балаларға сыйлық ретінде қысқы курткалар, аяқ киім, бас киімдер мен шарфтар берілді. Соңында отбасы көрсетілген қамқорлық пен демеушілік үшін алғыстарын білдірді. Қалаған кез келген адам мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсете алады, ол үшін мұқтаж жандарға жылулық беруге дайын болу жеткілікті. Өткізілген акция бір реттік емес, тұрақты түрде өткізіледі.


