spot_img
spot_img

Жемқорлықтың жазасы ауыр

Сыбайлас жемқорлықпен кү­рес мәселесі кез келген мемлекет үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан әр мемлекет өзінше түрлі жолдармен жемқорлықпен күресуде. Біздің елімізде де Тәу­елсіздік алған жылдардан бастап сыбайлас жемқорлық деректері аса ауыр қылмысқа жатқызылып, оған қа­тысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты.

Атап өте кетсек, еліміз ТМД мем­лекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура­лы» арнайы заңын қабылдаған болатын. Кейіннен уақыт сұранысына сай бұл саладағы ұлттық заң­наманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция­ла­рын және басқа да жалпы жұрт та­ны­ған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы бүкіләлемдік қо­ғам­дастықтың тең мүшесіне айналды. Еліміз жемқорлыққа барынша қарсылығын білдіріп, мүмкіндігінше заңнамаларды қатаңдатып, кешенді шаралар жүргізуде.

Осындай үздіксіз жүргізілген жұмыстардың арқасында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қар­сы бүкіләлемдік кеңістігіндегі Қа­зақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Дегенмен жемқорлық деректерінің алдын алу үшін шенеуніктерімізге қатысты талаптарды кұшейтуіміз керек. Айталық, Қазақстан Респуб­ликасы Салық кодексінің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талап­та­рына сәйкес, кез келген мемлекеттік лауазым атқаратын адам және оның жұбайы жыл сайын салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғы­лы­қ­ты жері бойынша салық орга­ны­на са­лық салу объектісі болып табы­латын және Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағындағы, од­ан тыс жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отыруы тиіс. Алайда тәжіри­беде көріп отырғанымыздай көпте­ген мемлекеттік қыз­мет­шілер бұл міндетке атүсті қа­райды. Қолданыстағы заңнамада мұн­дай заң бұзушылықтар үшін қа­таң шаралар көзделген. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 27-бабына сәйкес, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз та­бысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi олардың мемлекеттiк қызметiн тоқтатуы үшiн негіз болып табылады. «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9-бабы 5-тармағына сәйкес, аталған адам­дардың көрсетiлген мәлiмдеме­лер мен мәлiметтердi табыс ет­пеуi немесе толық, дұрыс табыс етпеуi, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет­тiң белгiлерi болмаса, оларды жұмыстан босатуға немесе мем­ле­кеттiк және оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан заңмен көзделген тәртiппен өзгедей бо­са­туға әкеп соғатыны айқындалған. Алайда көп жағдайда қадағалаудың жоқтығынан бұл жұмыстардың нәтижесі сұйылып барады.

 Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің кіршіксіздігі жиі айтылады. Ендеше олардың жауапкершілігін көтерудің бір жолы осы болмақ. Сондықтан болашақта мемлекеттік қыз­мет­керлер тек өздерінің табыс­та­ры ғана емес, үлкен шығыстары туралы декларация тапсыруы әб­ден мүмкін. Мұның барлығы еліміздегі жемқорлық фактілерінің алдын алу үшін жасалып жатқан шаралар. Сондықтан жемқорлықпен күрес жыл өткен сайын күшейе бермек.  

Сраилов Толебек Турапұлы, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...