12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жауапкершілік жол апатын болдырмайды

Бабалар пайымынша, «Өмірде көріп-білгеннің бәрі алдағы күнге сабақ» болуы тиіс. Десекте, көріп-білгенінен сабақ ала бермейтіндер сот тәжірибесінде көптеп кездеседі. Бұған өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретін көлік жүргізушілердің іс-әрекеті дәлел.

Мұны айтып отырғанымыз, жол жүрісі немесе көлік құралдарын басқару ережелеріне қатысты заңдардың жылдан-жылға қатаюына алкогольді ішімдіктер мен уытқұмарлық заттарды пайдаланып рульге отыратындар, сондай-ақ, басқа да құқық бұзушылықтарға баратындар санының артуы мен жол апаттарының көбеюі себеп болғанын ресми мәліметтер растайды.

Бүгінде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық заттарды пайдаланып көлік жүргізетіндер әкімшілік жауаптылықпен ғана құтылмайды. Сонымен қатар, оларға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Себебі, мас күйінде көлік жүргізіп, жол ережесін бұзу әлем елдерінде ірі қылмыс саналады. Бұл тәжірибе біздің заңдарымызда да көрініс тапты. ҚР Қымыстық кодексінің 14-тарауы көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған.

Құқықтық ағартушылық мақсатында осы Кодекстің 346-бабының нормаларына тоқталғымыз келіп отыр. Өйткені, қоғамымызда көлік жүргізу құқығынан айрылғанына қарамастан, масаң күйде рульге отыратындар және басқалардың да сондай жағдайда машина айдауына жол беретіндер аз емес. Мұндай әрекеттердің соңы орны толмас ауыр жағдайға ұшырататыны ащы да болса шындық.

Енді айтылған қылмыс түрлеріне қолданылатын заң нормаларына келсек, 346-бапта белгілі бір лауазымды атқару немесе қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу, бес мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салу, түзеу және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалары айқындалған.

Масаң күйде көлік жүргізіп, адам денсаулығына зиян келтірген жағдайда қолданылатын жазалар бұдан да ауыр. Мысалы, денсаулыққа жеңіл түрде нұқсан келтіргендерге төрт жылдан, алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтіргендер бес пен жеті жыл, абайсызда ауыр зиян келтіргендер алты және сегіз жыл аралығында бас бостандығынан айрылады.

Егер жол апаты адам өліміне әкеліп соқса, бас бостандығынан айыру мерзімі тоғыз жылға, өлім бұдан көп болған жағдайда он жылға  ұлғайтылады. Бұған қоса белгілі бір қызметпен немесе лауазымды жұмыспен айналысу құқықтарынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалады. Жүргізуші куәлігінен айрылған адамның рульге масаң күйде отыруы көлік айдау құқығының өмірлік тұрғыда шектелуіне себеп болады.

Тәртіп бәріне ортақ болғандықтан, заңмен айқындалған ауыр қылмыстарда татуласу мүмкіндіктері қарастырылмаған. Құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың басым көпшілігі алкогольдік ішімдіктің салдарынан орын алатынын ескерсек, көлік тізгіндегендер өздерінің ғана емес, айналасындағы әрбір адамның өміріне жауапты екенін есте ұстағандары жөн. Себебі, жүргізушілер жауапкершілігі кез келген жол апатының алдын алады.

Дінасыл Жанатқызы,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...

УМЕНЬШАЯ ВОЗНИКНОВЕНИЕ СПОРОВ В СУДЕ

5 апреля 2023 года в гл. 5 Земельного кодекса...

Лудомания (ойынқұмарлық) – қоғам мен жеке тұлғаға қауіпті дерт

Қазіргі таңда қоғамымызда кеңінен таралып келе жатқан әлеуметтік мәселелердің...

Кассация – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазақстан Республикасының сот жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Оның ішінде...

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сот жүйесі қоғам мен мемлекеттің...