12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы- адам не адамдардың шектеулі тобы тарапынан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оны жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін қолданылады.

09 қарашадан 11 қарашаға дейін республика аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту мақсатында Тимирязев ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп пробация қызметінің қызметкерлері жұмылдырылған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша ЖПШ жүргізу кезеңінде қоғамнан оқшауламай жаза тағайындалған сотталғандар тексерілді. Олардың әрқайсысымен қайталанба қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жеке-профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Сондай ақ қосымша әңгімелер туыстарымен өткізіледі, оның барысында сотталғандар сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзбауы тиіс екендігі түсіндіріледі.

Профилактикалық әңгіме құқыққа қайшы әрекеттерге бейім адамдармен жеке профилактика шараларын қолдану мақсатында жүргізіледі.

СҚО бойынша ҚАЖД

Тимирязев ауданының ПҚБ

аға инспекторы

әділет аға лейтенанты  

Бектұрғанов Т.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...