12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Уақыт сұранысын қанағаттандырған заң!

Президент тапсырмасынан кейін жария-құқықтық дауларды реттеу механизмін заңдық тұрғыдан жетілдіруге қадам жасалып, соның негізінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасы дайындалғаны баршаға мәлім. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте қоғам тарапынан айтылған құқықтық мәселелердің бәрі шешімін тапқан. Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, осы рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін бір жүйеге түсірген заңнама нағыз заман сұранысына сай.

Былтырдан бері қолданысқа енгізілген Кодекс әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін жолға қоятын 2 бөлімнен тұрады. Соның ішінде жария-құқықтық қатынастардан туындаған дауларды қарау тетігі үлкен қызығушылық тудырып отырғаны рас. Шын мәнінде, бұл құжатты қарапайым халықтың тілегін ескерген, жағдайын қарасқан заңнама ретінде бағалауға болады. Өйткені, сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік құрылымдарға сын айтып, жұмысына көңілі толмаған, заңсыз әрекетіне шағымданған азаматтардың жеңіске жеткен сәті сирек. Мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым азаматтардың мүмкіндігі, әрине, тең емес. Заңдық базасы мықты, қызметкерлері сауатты бүтін бір мекемеге жеке азаматтардың қарсы шығып, қалауын талап ете бермейтіні де сондықтан. Ал мемлекеттік құрылымның заңсыздығын көрген, оны көрсетіп арызданғанымен, ешқандай нәтижеге қолы жетпеген азаматтардың жалпы билікке деген өкпесі көбейіп, сенімі азаятыны кім-кімге де белгілі. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс осы түйткілді шешуімен бағалы.

Осыған орай жаңа заңнаманың артықшылығын қарапайым халыққа жеткізу, түсіндіру – бізге міндет. Мәселен, енді азаматтар өзіне қатысты әкімшілік органның қабылдаған шешімі немесе әрекетімен келіспеген жағдайда, сол актіні шығарған, әрекетті жасаған органның орналасқан жері бойынша сотқа талап қоюмен жүгіне алады. Жария-құқықтық қатынастар ретінде айқындалатын дауларда мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғаларға қарсы талап арыз бере алмайды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне қатысты әкімшілік құзыретке ие органдарға, билікке қарсы талаптарын қарауды реттейді. Кодекске сай, мемлекеттік орган мен қарапайым азаматтар дауласқандағы теңсіздік жойылмақ. Заңнама судья құзыретін де кеңейтті. Осылайша қазы тараптардың берген дәлелдерімен шектеліп қалмай, шындықты айқындау үшін қажет деп санаған барлық жағдайды зерттеп, дәлелдер жеткіліксіз болса, өз еркімен оларды жината алатын болды. Ең бастысы, енді арызданған азаматтар емес, әкімшілік орган өзінің дұрыстығын дәлелдеуге міндетті. Уақыт сұранысына сай қабылданаған заң бүгінде көпшіліктің игілігіне жарауда!

Сара Бекбосынова, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...