12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тараптар аумақтық соттылықты өзгерте алады

Тәуелсіз республикамыздың межелеген мақсаттарының бастысы құқықтық мемлекет деңгейіне жету. Бұл тұрғыда ел халқының  құқықтық сауаты мен мәдениеті маңызды орын алады. Сондықтан, ел заңдары үнемі жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үздіксіз қамтамасыз етілуде.

Мәселен, биыл Азаматтық процестік кодекс толықтырылды. Аталған заңның ең басты жаңалығы, дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы енгізілді. Айта кетерлігі, мұндай хаттама бұрын болмаған және бұл дауды соттан тыс немесе сотқа дейін реттеу аясын кеңейту мақсатын көздейді. «Бітімгершілікпен біткен істе береке бар» демекші, дауды өзара шешіп, татуласу ел халқының құқықтық мәдениетін жоғарылатады.

Жаңа нормаға кеңірек тоқталсақ, сотқа дейінгі хаттама, біріншіден, дауласушылардың ашық пікірлесуіне жағдай жасап, олардың өз дәлелдерін бүкпесіз айтып, бір-бірімен алмасуына ықпал етеді. Ортақ мәміле өз кезегінде қандай да бір келісімге келтіріп, араларындағы қарым-қатынасты сақтайды. Екіншіден, тараптардың моральдық және материалдық шығындары азаяды.

Дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы ешкімге міндеттелмейді. Тараптардың қалауымен жүзеге асады. Олар дауды сотқа дейін реттеу хаттамасын өздері жасайды немесе бұл тұрғыда медиатор мен  адвокаттың көмегіне сүйенеді. Аталған заңдылықтар Азаматтық процестік кодекстің 73-бабымен айқындалған.

АПК 27-1-бабымен толықтырылды.  Нақты айтсақ, облыстық және оған теңестірілген сот тараптардың келісуімен осы облыстың аудандық (қалалық) соттары мен оларға теңестірілген соттарының іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін талап етіп, бірінші саты сотының қағидаларымен қарап, шешеді.

Сондай-ақ, 32-баппен тараптарға аумақтық соттылықты өзгерту мүмкіндігі беріледі.  Олар істің аумақтық соттылығын, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде жатқан істер мен аумақтық соттылықты өзара келісіммен өзгертуге құқылы. Бірақ, бұл норма 31-бапқа қолданылмайды. Аумақтық соттылықты өзгерту нормасы бірінші тамыздан бастап күшіне енеді.

35-баптың 3-1 бөлігіне сай, судья 27-1-бабында көзделген азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидаларымен облыстық және оған теңестірілген сотта, ал, 28-1-бап бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында жеке-дара қарап, шешеді.

Жаңа заңмен соттарға өз бастамасы немесе тараптардың өтінішхаты негізінде талап қоюдың кейбір санаттарын оңайлатылған іс жүргізуде қарау құқығы берілді. Бұл санатқа алименттен басқа балалар мүддесін қозғайтын істер кірмейді. Оңайлатылған тәртіпте қаралатын істерді қарау уақыты бір ай. Осы мерзім ішінде іс қаралып бітуі керек.

401-баптың 2-бөлігімен мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне сот шешіміне апелляциялық шағым жасау үшін жоғары тұрған органның келісімін алу міндеті жүктелді. Ал, 427-баптың 4-бөлігінің  1, 3, 4, 5 тармақшаларында көзделген құқық бұзушылықтар анықталса, шешімнің күші жойылып, іс бірінші саты сотына жаңадан қарауға жіберіледі.  Осы баптың аталған бөлігінің 2-тармақшасына сай, сот шешімінің күші жойылса,  бірінші саты соты істі мәні бойынша қарау үшін өз өндірісіне қабылдайды.

Мұндай заңдылық азаматтар мен кәсіпкерлердің нұқсан келген құқықтарын қалпына келтіріп, сот актілерінің сапасын арттырады.

Соңғы уақытта заман талабына сәйкес, пайдаланылып жатқан озық технологиялар жүйе жұмысын оңтайландыруда. Сондықтан, соттарға судьяның смарт көмекшісі, яғни, робот бағдарлама енгізіледі. Өйткені, сот тәжірибесі судья шешімін талап етпейтін істердің аз еместігін көрсеткен. Бұл бағдарлама алдағы уақытта судьялардың жұмыс жүктемесін азайтуға ықпал етеді.

Заңның жаңарған нормаларынан жұртшылықты қысқа да болса хабардар етіп отыру біздің азаматтық міндетіміз. Отандастарымыз да құқықтық білімдерін жетілдіруге ұдайы көңіл бөлсе, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда қиыншылыққа тап келмейді.  

Жанар Ибрагимова,

Алматы облысының  мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...