Түркістан облысының Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы қызметі

Түркістан облысының Әділет департаменті ҚР «Әділет органдары туралы»2002 жылғы 18 наурыздағы №304 Заңының 3-бабының 7) тармақшасына сәйкес, зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру және 21-бабына сәйкес, әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары,                 22-1-бабына сәйкес, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына (әрі қарай — Жарлық) сәйкес, шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтары аралығында тексерулер уақытша тоқтатылған болатын.

Департаментпен 2022 жылдың 12 айында келесідей жұмыстар атқарылды.

Жыл қорытындысымен зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты Департаментке 8 арыз/өтініш түсті: («Завод «Триумф М.М.С.» ЖШС-нің «ASPAN» тауар таңбасы бойынша, «Alina Group» ЖШС-нің «КАЙСАР» тауар таңбасы бойынша, «Pioneer Grain Products» ЖШС-нің тауар таңбасы бойынша, «GLOBAL COFFEE», «XCMG» және «Морозoff» тауар таңбалары бойынша), алайда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, тексеру жүргізілмегендіктен әкімшілік істер қозғалған жоқ.

Департаментпен халық арасында қоғамдағы контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Құқықтық түсіндіру жұмыстары тек қана бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ғана емес, түрлі дөңгелек үстелдер мен семинарларды ұйымдастыру жолымен өткізілуде.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 12 айында, облыс бойынша 14 семинар, 16 дөңгелек үстел, 36 мақала, телеарна және радиода 11 сұхбат, 36 дәріс, 36 кездесу жүргізілді. Департаменттің интернет-ресурсына 151 ақпарат жарияланды.

Д. Есентуреева

Түркістан облысының

Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас            маманы.

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...