12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсаты таза мемлекет орнату»

         Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық-құқықтық құралдары қызу пікір таластар туғызу үстінде. Осыған ұқсас қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті  буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық  дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті.

Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе екені ақиқат. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесіндегі әр түрлі процестерін реттеушісі болуы тиіс. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегіқұртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Сол себепті де мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы қажет.

         Бүгінге дейін сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа нақты анықтама беріп, оған не түрткі болатының,  залалы мен кері әсерін зерделеп, кеселдің алдын алудың әртүрлі механизмдерін жасап үлгерді. Ол үшін жемқорлықты жеңген елдердің тәжірибесіне мән беріліп, озық елдердің күрес нәтижелері таразыланған. Сонда белгілі болғандай, сыбайлас жемқорлықты жою үшін өркениетті елде ең алдымен мемлекетік қызметтің мәртебесін өсірген, бұл қызметке тек ары мен қолы таза жандардың іріктелуіне басымдық берген.

         Мемлекетік қызметкерлердің әлеуметтік, материалдық мәселелері  толық шешіліп, қызметтердің барынша ашық жүргізілуі жолға қойылған. Осыдан көріп тұрғанымыздай, мәртебелі қызметке орналасып, өзінің әлеуметтік мәселелеріне алаңдамайтын, жаңа технологияның арқасында қызметті алақандағыдай ашық  көрініп тұратын ортада сыбайлас жемқорлыққа орын болмайды. Сондықтан біздің мақсатымыз  таза мемлекет орнату болу қажет.

Жәнібек аудандың сотының  аға сот приставы

Б.Т.Тулеуов

Лудомания (ойынқұмарлық) – қоғам мен жеке тұлғаға қауіпті дерт

Қазіргі таңда қоғамымызда кеңінен таралып келе жатқан әлеуметтік мәселелердің...

Кассация – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазақстан Республикасының сот жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Оның ішінде...

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сот жүйесі қоғам мен мемлекеттің...

Медиацияның мақсаты – бітімгершілік

Қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері...

Татуласу рәсімдері – дауларды шешудің баламалы жолы

Татуласу рәсімдері — тараптардың келісімге келуіне бағытталған, сотқа жүгінбей...