12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесіндегі мұрағат істерін ұйымдастыру

Бүгінгі күні Қазақстандағы мұрағат тарихының орны ерекше. Мұрағат дегеніміз құжаттық ақпаратты қолдану мақсатындағы құжаттарды қабылдау және сақтауды жүзеге асыратын ұйым немесе оның құрылымдық бөлімшесі. Әрбір мекеме өз функциясын атқару барысында құжаттар жасайды және сырттан құжат келеді. Әрбір күнтізбелік жыл басында өткен жылдағы іс жүргізу құжаттары мекеменің мұрағатына өткізілуі қажет. Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жоюды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысқа түсуін азайтады. Ал бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейімділікті төмендетуге, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді және қолжетімді сот жүйесіне қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Мұрағаттың негізгі міндеттері құрамы жоғары да аталған құжаттарды жинау, мұрағатта уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргізудің сапасын, сақталуын, есепке алынуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету және ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды мемлекеттік мұрағат мекемесі тұрақты сақтауына дайындау және тапсыру, ұйымдағы іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру әдістемелік басшылықты жүзеге асыру болып табылады. 

Мұрағат шегіндегі құжаттарды топтастыру қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады.  Яғни сот жүйесінде, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың, қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызмет іс қағаздарынан айқын көрінеді. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияхты мұрағат шегіндегі құжаттар арқылы жүргізіледі.

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы

О.Т.Алдабергенова

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...