12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот сараптамасының рөлі

Сот сараптамасы дегеніміз – әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша нақты деректерді, мән-жайларды арнайы ғылыми білімді қолдана отырып анықтау. Сот сараптамасы сот өндірісіндегі зерттелетін оқиғалар мен мән-жайларды анықтау қызметі ретінде заңды нысанда ғылыми жағдайларды жүзеге асыратын сот сараптамасының жалпы теориясы.

Қазіргі таңда сот сараптамасының рөлі артып келеді. Осыған орай зерттеудің заманауи ғылыми-техникалық құралдары мен әдістерін сот өндірісіне енгізудің негізгі арнасы болып табылады.

Атап айтқанда, Астанадағы халықаралық заң форумы шеңберінде сот-сараптама қызметінің заңнамалық негіздерін дамытуды; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша бәсекелестік қағидатын іске асырудағы сараптаманың рөлін арттыруды; жеке сот сараптамасы институтын қалыптастыруды; сараптама кадрларын іріктеу, кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру талқыланған.

Қазақстан республикасы 1997 жылы ТМД арасында алғашқылардың бірі болып «Сот сараптамасы туралы» заң қабылдағанын, ол маңызды саяси шешімді – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірыңғай сараптама жүйесіне бере отырып, қылмыстық қудалау органдарынан сот сараптамасын жүргізу функциясын алып тастауын көрсетеді.

Бұл заңның қабылдануы сот-сараптама органдарының бұрын болған жүйесінің жұмыс істеуіндегі елеулі кемшіліктерді жоя отырып, бір ведомство шеңберінде сот сараптамасын жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта сот медицинасы, психиатрия және наркология саласы есебінен оның іріленуіне байланысты сот-сараптама қызметін ұйымдастыру саласындағы елеулі өзгерістерге байланысты заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің өндірісінде.

Заң жобасы денсаулық сақтау жүйесінен ҚР ӘМ-не беру арқылы бір ведомствода сот сараптамаларын жүргізу жөніндегі мемлекеттік функцияларды орталықтандыруды; сот сарапшыларының ғылыми әлеуетін қалыптастыру үшін жағдайлар жасауды; мемлекеттік емес (жеке) сот сараптамасы институтын одан әрі дамытуды ынталандыруды; сот төрелігі процесіне қатысатын азаматтар мен ұйымдардың құқықтық қорғалуын, сот сарапшысы лауазымының беделін арттыруды және оның әлеуметтік қорғалуын көздеді.

Сот сараптамасы – сот өндірісіндегі арнайы сараптамалық білімдерді заңды және ғылыми негізделген түрде қолдану мақсатымен сот сараптамасының әдіснамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру және дамытудың заңдылықтарын анықтауға бағытталған білімнің саласы.

Сот сараптамасының жалпы теориясының мазмұны ғылыми білім ретінде оның міндеттері мен мақсаттарының ерекшеліктерінен туындайды.

Біліктілікті дамыту – өзекті және сараптама өндірісінің негізгі кепілі. Сондықтан, сарапшылар әрқашан ізденіс үстінде болуға тиіс. Әсіресе  жаңа технологиямен жұмыс істейтін зерттеу салалары қосымша біліктілікті арттыруды талап етеді.

Қазіргі заманғы қоғамның сот ісін жүргізу шеңберінде ғылымдағы, техникадағы, өнердегі немесе жұмыстағы арнайы білімдерін қолдануға деген қажеттіліктері, бүгінгі күні сот сараптамасын дербес іс жүргізу процесі ретінде қарастырады, ол өз нысаны бойынша азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын және бостандықтарын, мемлекет мүддесін қорғаудың тетігін білдіреді.

Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде іс жүргізу тұрғысынан дербес, сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа да адамдардан тәуелсіз болуы тиіс.

Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының дәрігер, сот психиатриялық сарапшысы Аметов Улыкбек Тастанбекович

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...