12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот саласы ұдайы даму үстінде

Соңғы жылдары сот саласы салаға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде жаңарып, жаңғыра түсті. Нәтижесінде сот тəуелсіздігі күшейтіліп, соттың өзін-өзі басқару органдары қайта құрылды. Судьяларды іріктеуге жете көңіл бөлініп, облыстық соттардың алқа төрағаларын іріктеудің конкурстық тәртібі енгізілді. Тіпті сот төрағаларының өз лауазымында екі реттен артық отыруына шектеу қойылды. Шын мәнінде мұндай өзгерістердің барлығы саланы дамытып, сот жүйесін уақыт сұранысына сай бейімдей түсті.

 «Түнгі сот», «Отбасылық сот», бітімгер-судья, татуластыру орталықтары, соттардағы фронт-кеңселер сияқты бірқатар пилоттық жоба жүзеге асырылып, оң нәтиже бергендерін салаға енгізе бастады. Соттағы басы артық әрекеттердің барлығы қысқартылуының нәтижесінде кез келген сот ісі тез арада шешімін табатын болды. Яғни бұрын істің түп­кілікті нүктесін қоюға 2,5 жылға жуық уақыт кететін болса, қазір бұл мерзім бір жылдан аспайтын дәрежеге дейін қысқарды. Соттасудың осындай қиындықтарына бола, көп адам әділдік іздеуден бас тарта салатын жағдайлар болғанын да ескерсек, саладағы ықшамдылық, мүмкіндігінше істің тез шешімін табуына ықпал еткенін байқаймыз.

Сот саласының өзгерісінде сот мамандарының да маңызы зор! Сондықтан кейінгі жылдары судьялыққа үміт­кер­лерге қойылатын талап та күшейтіліп жатыр. Судьялардың кәсіби қызметін бағалайтын жаңа әдістеме қабылданды. Жоғарғы Сот жанынан құрылған Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға тырысуда. Судьяларды іріктеу, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту толығымен Жоғары Сот кеңесінің құзырына берілген. Осы орайда айта кетер жайт, 2018 жылға дейін әрбір төртінші кан­ди­дат судья болып тағайындалса, бүгінде судья болу үшін конкурста бір орынға 20-ға жуық үміткер бақ сынап жатыр. Яғни судьялыққа үміткерлерге қойылатын талап күшеюі нәтижесінде, олардың жауапкершілігі артуда. Әсіресе олардың сыбайластық істерінде таза болу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен бірлескен жұмыс тоқтаусыз жүргізіліп жа­тыр.

Саланың уақыт сұранысынан қалмай дамып келе жатқанын пандемия кезінде анық байқадық. Яғни Қазақстандағы сот отырыстары толығымен онлайн форматқа көшірілгенін көргенде еліміздегі соттар мұндай режимге техникалық тұрғыдан дайын екенін аңғардық. Сот саласы электронды сақтағыштың көлемі мен серверлік қуатын арттыруға, кейбір IT қызмет түрлерін жетілдіруге ғана күш салды. Сөйтіп, жүйелі жұмыс жүргізген сот қызметкерлері карантин талаптарына тез бейімделді. Мәселен, бұрын бейнебайланыс арқылы 150 процесс өткізілсе, пандемиядан соң оның саны 4,5 мыңға жетті.

Қазақстандық сот инс­титутын дамытуда Бес институ­цио­налдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» ерекше атап өту қажет. Өйткені «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 11 тармағы сот жүйесінің қызметіне арнал­ған. Бүгінде онда қамтылған өзгерістердің барлығы іске асып, сот жүйесін айтарлықтай дамытты. Саланы дамытқан тағы бір өзгеріс сот жүйесін жетілдіру мақсатында «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасының қосылуы болды. Осыдан соң азаматтық процестегі судьяның белсенділігі артты, қылмыстық процесте алқабилер соты қарайтын істер санаты кеңейтілді. Сот актілерінің сапасын жақсарту үшін сот процесін оңтайландыру, бюрократияны азайту, электронды сот ісін жүргізу және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар іске қосылды.

Жалпы Тәуелсіздік алған отыз жылдан астам уақыт ішінде, еліміздің сот саласы жан-жақты дамыған құқықтық инс­титутқа айналды деп айта аламыз.  

Қалима Дуанбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...