12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа дейінгі хаттаманы дайындау нормалары

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процессуалдық заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының қабылдануына орай Азаматтық процестік кодекске бірқатар  жаңалық енгізілгені көпшілікке мәлім. Осы тұрғыда айтар болсақ, өзгерістердің ішінде 73-бапты, яғни, дауды сотқа дейін реттеу хаттамасын айрықша атауға болады. Өйткені, жаңа хаттама татуласу рәсімдерінің қолдану аясын одан әрі кеңейтеді.

Алдымен АПК-нің 150-бабына сай судья талап қою түскен соң бес жұмыс күнінде оны сот іс жүргізуіне қабылдау мәселесін шешеді. Егер сотқа дейінгі реттеу хаттамасы  73-баптың 1,2 бөліктерінің қағидаларымен жасалса, талап қою он бес жұмыс күні ішінде қабылданады.  Айта кетерлігі, дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы ешкімге міндеттелмейді. Оны жасау немесе жасамау тараптардың қалауымен шешіледі. Аталған хаттаманы тараптар өздері немесе медиатор,  адвокат арқылы жасайды.

Татуластыру рәсімдері мен сотқа дейінгі хаттаманы жасау жалпы талап қою ісін жүргізу, сондай-ақ, оңайлатылған жазбаша іс жүргізу тәртібімен де жүзеге асырылады.​

Осы Кодекстің 73-бабында көрсетілгендей, тараптар немесе іске қатысушылар дәлелдемелерді сотқа реттеу хаттамасын жасай отырып, талап қою қабылданған соң ұсынады. Хаттамада олар талаптары мен қарсылықтарына сілтеме жасай алады. Сондай-ақ, іс сотта қаралған жағдайда өздері пайдаланғысы келетін дәлелдемелерді ашу, ұсыну мен алмасу әрекеттерін көрсетеді.

 Дәлелдемелерді істі сот талқылауына дайындау кезінде ұсыну мүмкіндігі болмаса олар сот талқылауы сатысында беріледі. Ал, АПК-нің   404-бабының екінші бөлігінде көзделген дәлелдемелер апелляциялық сотқа ұсынылады. Тараптар қолдарында бар дәлелдемелерді бірінші саты сотына беруге міндетті. Олай етпеген жағдайда ол дәлелдемелер апелляциялық немесе кассациялық сатыларда қабылданбайды.

Маңызы бар мән-жайлар сотта тараптар мен іске қатысушылардың  талап-қарсылықтарының негізінде, материалдық және процестік құқық нормалары ескеріле отырып анықталады. 73-баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда тараптар істі сот талқылауына дайындау немесе сот талқылауы барысында ашылған және сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге ғана сүйенеді.

Қажет болса судья қосымша дәлелдемелер беру керектігі жайлы  тараптар мен іске қатысушыларға айтады. Егер оларды ұсынуда қандай да бір қиындық болса сот тараптардың өтінішхатымен сол дәлелдемелерді алуға жәрдем көрсетеді. Бірінші саты сот қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, қажетті дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсету туралы өтінішхатты тараптар апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мәлімдейді.

Тараптар мұндай өтінішхатта іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтайтын немесе теріске шығаратын дәлелдемелерді өз бетінше ала алмау себептерін, оның тұрған жерін көрсетеді. Керек кезде сот іске қатысатын адамға дәлелдемені алу үшін сұрау салуды береді. Сот талап еткен дәлелдемесі бар адам оны тікелей сотқа жібереді немесе сұрау салдыртқан азаматқа береді. Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді сот қана талап етеді және ол тікелей сотқа жіберіледі.

Егер сотқа талап етілген дәлелдемелерді ұсынбау себептері хабарланбаса, сондай-ақ, олар сотпен белгілеген мерзімде ұсынылмаса жауапты адамдар осы кодекстің 9-тарауының қағидалары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен әкімшілік жазаға тартылады.

   Әкімшілік жаза қолдану тиісті тұлғаны дәлелдемені сотқа ұсыну міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамағандарға қылмыстық жауапкершілік көзделген. Тараптың бірі сот талап еткен дәлелдемені өзінде ұстап қалуы немесе оны сұрау салу бойынша белгілеген мерзімде ұсынбауы мүмкін. Мұндай кезде онда қамтылған мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп саналып, кінәсін мойындады деп есептеледі.

Даудың сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы реттелуі жоғарыда айтқанымыздай, азаматтық іс қозғалғанға дейін дәлелдемелермен алмасудың, уақытты үнемдеудің, сонымен қатар, материалдық және моральдық шығындарды азайтудың, ең бастысы, дауласушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты сақтаудың бірден-бір тиімді жолы.

А.Иембердиева,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...

Негізсіз баю сомасын өндіріп алу

Онлайн алаяқтардың белең алуы қылмыс түрлерін көбейтті. Осыған орай,...

Мемлекеттік тіл-ел бірлігінің негізі

1997 жылы 11 шілдеде жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы тіл...