Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында №48 мекемеде және Петропавл қаласының тергеу изоляторында сотталғандардың туыстары үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарды сақтау және сотталғандарды қоғамда одан әрі әлеуметтендіру үшін өткізілді.
Іс-шараға өңірдің пенетенциарлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың республиканың түкпір-түкпірінен 200-ден астам туыстары келді. Кездесу барысында сотталғандар қонақтарға музыкалық нөмірлер мен мерекелік үстел дайындап, өз қолдарымен жасалған сыйлықтар табыс етті.
Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың психоэмоционалды жағдайына оң әсер етеді, сондай-ақ өмірде белгілі бір жетістіктерге жетуге ынталандырады. Айта кетсек «Ашық есік күні» осы жылы 4 рет өткізіліп отыр.
Іс-шараға.Департамент бастығының у.м.а. Берік Біләловта қатысты. Ол сотталғандардың туыстарымен жеке кездесу өткізіп, онда жалпы ақпаратты, жақын арадағы жоспарларды жеткізді және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Қазіргі уақытта №48 мекемеде 768 сотталған адам, тергеу изоляторында шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған 19 сотталған адам ұсталады. Сотталғандардың туыстары мекемеге баруға және туыстарымен уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін қызметкерлер мен әкімшілікке шын жүректен алғыс айтты.


