Құрметті азаматтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

күзет және режим бөлімінің бақылаушылары бос лауазымдарына жұмысқа орналасуға шақырамыз!!!!

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жұмысқа орналасатын үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
  2. Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында қызмет өткерген немесе әскери даярлығынан өткен (жоғары білімі болған жағдайда әскери билет қажет емес);
  3. Жасы 18-35 аралығында болуы;
  4. Орта, арнайы-орта және жоғары білімі бар;
  5. Ер бала бойы-170 см төмен емес;
  6. Қыз бала бойы- 160 см төмен емес;
  7. Қатардағы және кіші басшы құрам (сержанттық) лауазымдарына әскери міндетін өтеген үміткерлер ҚР заңнамалары бойынша тест тапсырмай қабылдана береді. 
  8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру дайындығынан өту;
  9. Әскери дәрігерлік комиссиясынан өту;

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қызметке орналассаңыз, Сізге төмендегідей артықшылықтар беріледі:

  • Өзіңізге және жанұяңызға медициналық көмек көрсетіледі, (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тегін)
  • 48 жастан зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі;
  • Жоғары оқуға жолдама берілуі (Қостанай қаласына) тегін;
  • Кіші құрамнан офицерлік құрамға ауысу мүмкіншілігі;
  • 1 жыл еңбегі 1 жыл 6 ай еңбек өтіліне есептелуі;
  • 45 күн еңбек демалысы;
  • Денсаулығыңызды оңалтуға 2 айлық еңбек ақы көлемінде көмек берілуі;
  • Еңбек демалысында және еңбекке жарамсыз болған кезінде айлық жалақысы төленуі;
  • Жанұясымен бірге Атырау қаласынан пәтер жалдау ақысы және коммуналдық төлемдер төленуі;
  • Қызметкерлердің балаларын бақшаға орналастыру кезектен тыс қабылдануы;
  • Жұмыссыз  мемлекеттік сақтандыру жүйесі
  • Нысанды киімдермен толықтай қамтылуы;
  • Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 181. Ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады. 8/7122/30-65-18; 8775 0004790.

Думать на поколения вперед: как опыт Китая перекликается с видением Токаева

Сегодня конкуренция между странами в сфере технологий становится всё...

Ұрпақтар болашағын ойлау: Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Бүгінде әлем елдері арасында технологиялық бәсеке күшейіп келеді. Мемлекеттің...

Ақтөбеде конституциялық реформалар аясындағы жергілікті өкілді биліктің рөлі талқыланды

Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Конституциялық...

Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласына білім шырағын жаққан ұлы ағартушы

2026 жылы қазақ халқының ұлы ағартушысы, көрнекті педагог, жазушы...

Жемқорлықпен күрес – әділетті қоғамның негізі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына тұсау болатын, мемлекетке деген...