Сіздерді Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
күзет және режим бөлімінің бақылаушылары бос лауазымдарына жұмысқа орналасуға шақырамыз!!!!
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жұмысқа орналасатын үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында қызмет өткерген немесе әскери даярлығынан өткен (жоғары білімі болған жағдайда әскери билет қажет емес);
- Жасы 18-35 аралығында болуы;
- Орта, арнайы-орта және жоғары білімі бар;
- Ер бала бойы-170 см төмен емес;
- Қыз бала бойы- 160 см төмен емес;
- Қатардағы және кіші басшы құрам (сержанттық) лауазымдарына әскери міндетін өтеген үміткерлер ҚР заңнамалары бойынша тест тапсырмай қабылдана береді.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру дайындығынан өту;
- Әскери дәрігерлік комиссиясынан өту;
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қызметке орналассаңыз, Сізге төмендегідей артықшылықтар беріледі:
- Өзіңізге және жанұяңызға медициналық көмек көрсетіледі, (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тегін)
- 48 жастан зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі;
- Жоғары оқуға жолдама берілуі (Қостанай қаласына) тегін;
- Кіші құрамнан офицерлік құрамға ауысу мүмкіншілігі;
- 1 жыл еңбегі 1 жыл 6 ай еңбек өтіліне есептелуі;
- 45 күн еңбек демалысы;
- Денсаулығыңызды оңалтуға 2 айлық еңбек ақы көлемінде көмек берілуі;
- Еңбек демалысында және еңбекке жарамсыз болған кезінде айлық жалақысы төленуі;
- Жанұясымен бірге Атырау қаласынан пәтер жалдау ақысы және коммуналдық төлемдер төленуі;
- Қызметкерлердің балаларын бақшаға орналастыру кезектен тыс қабылдануы;
- Жұмыссыз мемлекеттік сақтандыру жүйесі
- Нысанды киімдермен толықтай қамтылуы;
- Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 181. Ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады. 8/7122/30-65-18; 8775 0004790.