12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Реформалар заң үстемдігін қамтамасыз етуде

Елдегі заң үстемдігін орнатуға бағытталған реформалар сот ісін жүргізудің заңнамалық қорын одан әрі толықтырды. Бұл ретте азаматтық заңдарға енгізілген нормаларды айрықша атауға болады. Заңдағы өзгерістер соттар құзыретін кеңейтіп, олардың  процестегі белсенділігін арттырумен қатар,  азаматтардың Конс­титуциямен кепілдік берілген сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыру процесін барынша оңтайландырып жатыр.

Мысалы, жоғары саты сотына тараптардың келісімімен ұқсас және біртектес істердің бірін талап ету және оны бірінші сатыдағы соттың қағидаларымен қарап, шешім шығару құқығы берілді. Яғни, біртекті істер тек бір облыстың соттарында қаралса, онда оларды облыстық сот қабылдайды. Басқа өңірлерде туындаған мұндай істер Жоғарғы Сотқа беріледі. Бірақ, бұл үшін тараптардың келісімі болуы қажет. Аталған нормалар сот тәжірибесін біркелкі қалыптастыруымен маңызды.

Бұған қоса тараптарға аумақтық соттылықты өзгерту мүмкіндігі берілді. Яғни, олар өзара келісе отырып, істі сот талқылауына дайындау сатысында соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады. Ескерерлігі, бұл норма АПК-нің 31-бабына қолданылмайды.  

Қолданыстағы заңмен соттар өз бастамасы немесе тараптардың өтінішхаты негізінде талап қоюдың кейбір санаттарын оңайлатылған іс жүргізуде қарауда. Осы тұста айтып өтерлігі, жеңілдетілген санат алименттен өзге балалар мүддесін қозғайтын істерге қолданылмайды. Оңайлатылған тәртіптегі істерді қарау мерзімі бір ай. Соттарға оңайлатылған тәртіптен шықпай-ақ жекелеген мән-жайларды нақтылау мақсатында тараптарды шақыруға мүмкіндігінің берілуі  өз кезегінде жеделдікті қамтамасыз етеді.

АПК-ға дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы енгізілді. Осыған орай бірінші саты соттарына дәлелдемелер сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынылады. Мұндағы ең басты артықшылық, тараптар дәлелдемелермен сотқа дейін танысады және дауды сот арқылы немесе екеуара келісіммен  бітірудің жолдарын саралап, өздеріне тиімдісін таңдайды. Сотқа дейінгі хаттаманы жасауда талап қоюды қабылдау мерзімі 15 күнге ұзартылды.

Сонымен қатар, тараптар арасында дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен партисипативтік рәсім жүргізілген немесе талап қою қабылданған кезде олар партисипативтік рәсім барысында алынған не сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген құжаттар мен дәлелдемелерді ұсынады. Талап қоюшы талабының мәні бойынша жауап алынып, даулап отырған фактілер мен жауапкердің қарсылығы анықталады. Қажет болса қосымша дәлелдемелер сұратылып, екі жақтың да процестік құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Сонымен бірге дауды соттан тыс реттеуде нотариустардың атқарушылық жазба бойынша құзыреті кеңейтілді. Азаматтық іс жүргізуде сырттай өндіріс алынып тасталды. Тараптарға сот актілерінің түсіндірілуі сот саласының шын мәнінде заманға сай жаңғыруының айқын көрінісі.

Мемлекеттік мекемелерге апелляция мен кассациялық саты соттарына шағымды  жоғары тұрған органның келісімімен ғана беру міндеті жүктелді. Сот қызметінің тиімділігін арттыруда заманауи жетістіктерді оңтайлы  пайдаланудың маңызы зор десек, озық технологияларды жүйе жұмысына дендеп ендіру сот төрелігін  ашық әрі қолжетімді етудің бірден-бір тиімді тәсілі екенін дәлелдеді.

Мәселен, жаңа бағдарлама судьяның смарт көмекшісін алсақ, онда сот шешімін талап етпейтін даусыз істер іріктеліп, шешім жобасы дайындалады. Шешімді судья тексеріп, қол қояды. Аталған бағдарлама сот жүктемесін азайтуда тиімді. Бүгінгі күні сала жұмысы қағазбастылықтан арылып, толықтай электронды сот төрелігіне көшті.

Қазіргі таңда соттар жұмысы ашық әрі қолжетімді, яғни, халықтық сипатқа ие. Барлық реформаның негізі адам игілігіне, яғни, азаматтарымыздың тұрмыс сапасы мен қауіпсіздігіне бағытталуда деуге толық негіз бар. Азаматтық іс жүргізудегі жаңа нормалар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғаудың кепілі. Сондықтан, оларды жұртшылыққа жеткізу біздің азаматтық міндетіміз.

Талғат Орынғали,

Наурызбай аудандық сотының төрағасы

Алматы қаласы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...