ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынаң Елордалық ҚАЖ Департаментіне әдеби кітаптар сыйға тартылды

Ағымдағы жылдың 7-ші қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қорынан, Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің құрылымына кіретін №2, 3, 64 мекемелерінің кітапхана қорына 180 данаға жуық әр-түрлі әдеби кітаптар сыйға тартылды, оның ішінде «Абай жолы», «Керей-Жәнібек», «Құнанбай», «Жерұйық» сияқты классикалық шығармаларда бар.

Аталған кітаптар Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен тәрбиелік мәні баржұмыстар жүргізу үшін бағытталған, сонымен қоса, сотталғандар арасында теологиялық және оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізу үшін, сотталғандарды Қазақстандық рухани құндылықтарға тарту, сондай-ақ Департаментінің мекемелерінде радикалды идеология және дерадикализация бойынша иммунитетті қалыптастыру мақсатында қолданылады.

Қазіргі таңда аталған мекемелерде дінді ұстанушы 147 сотталған азаматтар жазасын өтеуде.

«Дін мен дәстүр-егіз ұғым болғандықтан осы кітаптар дін ұстанушы азаматтардың қазақи әдеп-ғұрыптарды сақтауына оданда терен білуіне үлкен үлес қосады деген сенімдемін» деп атап өтті Департаменттін сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының инспекторы әділет майоры С.Қалдыбаев.

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...