Психологиялық мәселелерді шешуге арналған құрал

Сотталған әйелдермен жұмыс істеудің жаңа психологиялық әдістерін енгізу мақсатында «№50 мекеменің» психологтарымен қазіргі қоғамда өте өзекті топтық кинотерапия жүргізілді,.

Сотталғандардың назарына өмірдің, адам тағдырының, бостандықтың және отбасының құндылықтардың көрсететін «7 камера» атты күрделі психологиялық фильм ұсынылды. Фильмде адам табиғатының жалғандығы да, жанның мейірімділігі мен шынайылығы да көрсетілген.

Бұл психотерапия психотерапевтиялық көмек бағытына жатады, мұнда проблемаларды шешудің негізгі құралы арнайы таңдалған фильм болып табылады.

Фильмді көргеннен кейін психотерапияның әрбір қатысушысы өз пікірімен бөлісті. Әйелдер қаралған фильмде өздерінің өмірлік жағдайларының көрінісін қарастыра алды.

«№50 мекеме» РММ психологі

Сексембаева Г.С.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...