12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілді білу әрбір азаматқа міндет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі екені Ата Заңмен және  ҚР Тіл туралы заңымен айқындалған. Себебі, мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігін айқындайтын басты белгілердің бірі.  Тәуелсіздік алған соң елімізде іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілге көшірілгені баршаға аян. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында да бұл мәселеге баса мән беріліп, «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі іске асыру туралы» өкім шығарылды. Яғни, Жоғарғы Сот төрағасының 2009 жылғы №36 өкімімен республика соттарындағы іс қағаздар мемлекеттік тілге көшірілді. Содан бері сот қызметкерлерінің білім-біліктерін жетілдіруде арнайы іс шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Мысалы, біздің сот тарапынан да қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бойынша дөңгелек үстелдер мен семинар сабақтар өтеді.  

Жалпы соттарда барлық құжат қазақ тілінде жүргізіледі және ресми тілде жазылғандардың аударма нұсқасы талап етіледі. Қазіргі таңда ел судьялары мен сот қызметкерлері екі тілді де жетік меңгерген. Сот саласында мемлекеттік тілді жандандыруға барлық уақытта қатаң талаптар қойылған.  Десек те, сот ісін жүргізуде әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі  қазақ тілінде қаралатын істердің аздығы.

Заң талабына сай, сотқа талап арыз қай тілде түссе, іс сол тілде қаралады. Яғни, айтып отырған мәселе соттарға емес, сотқа жүгінушілерге тікелей байланысты. Осы тұрғыда айтып өтер болсақ, Азаматтық процестік кодекстің  14-бабында көрсетілгендей, азаматтық істер бойынша сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі және онымен қатар ресми түрде орыс тілі, ал, заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Сондай-ақ, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді.

 Бұл заңдылық мемлекеттік тіл мәртебесінің артып, өрісінің одан әрі кеңуіне ең алдымен қарапайым азаматтар тарапынан мүдделілік басым болуын талап етеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді» деген болатын. Мемлекет басшысының бұл сөзі Қазақстанның барлық азаматын мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде бірлесіп жұмыс атқаруға үндеп отыр. Демек, мемлекеттік тілді үйреніп, оның қолданыс аясын кеңейту әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы болып қала береді.

Бүгінде Бас судья Жақып Асановтың бастамасымен сот процестерін біртіндеп қазақ тіліне көшіру мәселесі қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот төрағасы қазақ билерінің билік айтудағы дәстүрін  жаңғыртуды, яғни,  қазіргінің қазыларын қазақ тіліне барынша көңіл бөліп, шешендік өнерді меңгеруді үнемі насихаттауда.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Сол себепті,  Қазақстанда тұратын  әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Кез келген тілдің болашағы – балалардың, жастардың қолында десек, олардың тілді білмеуі ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан, ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзетуі шарт. Даналар айтқандай, «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» екенін  ұмытпайық.     

Ардақ Бейсембаева,

Алмалы аудандық №2 сотының

 бас маманы, сот отырысының хатшысы

Алматы қаласы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...