12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиация дауды реттеу тәсілі

Қазақ елін ежелден мәмілегер халық деп айтамыз. Кез келген мәселені келісіммен шеше білгенін тарихтан білеміз. Бір ауылда даулы мәселе туындағанда жүгінетін би болған екен. Екі жақтың да уәжін тыңдап алып барып, екі тарап та ұтылмайтындай немесе кінәлінің кінәсін мойындатып қана татуластырып жіберіп отырған. Ешқандай сотқа жүгініп, бірін-бірі аямай балағаттап, көзін құртып жіберу сияқты мәселелер аса көп туындай бермеген.

Бұл бірінші кезекте қазақтың сөзге тоқтап, ақылды адамның айтқанын тыңдағандығын көрсетеді және істеген ісін мойындап, кешірім сұрай білуді жақсы түсінген. Осылайша көптеген мәселелер мәмілегерлік жолмен шешіліп, ел іші де тыныш болған деседі. Бүгінгі тек жазылған заңға ғана сүйенетін заманда екі жақтың мәселесін мәмілегерлік жолмен шешіп берудің ұтымды жолын ойластырып, арнайы заң да қабылданды. Оның қаншалықты жұмыс жасап жатқанын дөп басып айту қиын.

Елімізде әрбір екінші адам сотқа жүгінеді. Мәселен, үлкен қалаларда әрбір судья орта есеппен күніне жеті істі қарайды екен. Өйткені қарапайым халық дау-жанжалды сотқа жеткізбей-ақ, медиацияның да көмегімен шешуге болатынын ескере бермейді. Медиаторларды қайдан табуға болатынын, олардың алдына не мәселемен бару керектігін білмейтіндер де бар. Өйткені, бұл саланың насихаты аз. Сондай-ақ бұған қазақ тілді медиаторлардың аздығы да себеп болып тұр екен.

Жоғарыда айтқанымыздай, көпшілік медиаторлардың көмегімен тығырыққа тірелген шаруасының шешілетінінен әлі де хабарсыз және пәлендей сене қоймайтын көрінеді. Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады.

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы –

сот отырысының хатшысы

А.Е.Ахибаев

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...