12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Гендерлік шектеуге жол берілмейді

Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде қыз-келіншектердің еңбегі ерен. Әсіресе, Кеңес одағы тарап, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, болашағын айқындауда еліміз біраз қиындықпен бетпе-бет келгені шындық. Жұмыс орындары жабылып, азық-түлік бағасы бақылауға бағынбай тұрған тұста отбасыларды сақтап қалған да аналар болатын. Ендеше, отбасы мен мемлекеттің тірегіне айналған әйелдердің кез келген қызметке араласуына ешқандай тыйым, шектеу болмауы керек. Бұл демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекеттің басты шарты.

Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы рөлі ерекше. Бүгінде қай саланы алсаңыз да әйелдер араласпаған, қыз-келіншектердің ықпалы болмаған орта аз. Әйелдер өзінің жауаптылығымен, тиянақтылығымен, нәзіктігімен, бейбітшілік сүйгіштігімен өз ортасының көшбасшысына айналуда. Біздің сот саласында еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен, терең білімімен, жастарға деген жанашырлығымен көпшіліктің құрмет-ықыласына бөленіп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Сот жұмысының тылындағы шаруаларды шашауын шығармай атқарып отыратын кеңсе мамандарының басым бөлігін әйелдер құрайды. Сонымен бірге, еліміздің төрелік алаңында тура шешім, әділ үкімімен азаматтардың алғысын алып жүрген судья-ханымдар қатары да жыл өткен сайын толығып келеді. Кейінгі жылдары аудандық сот төрағасы болып, бір соттың жұмысын ұйымдастырып, бір ұжымның берекесін кіргізіп отырған әйел-төрағалардың көбейгенін де айта кеткеніміз жөн. Бұдан бөлек қала, облыстық соттардың алқа төрағалығына батыл қадам жасап, екі облыстық сот алқаларын басқарып отырған судья-ханымдардың қызметтегі баспалдағы басқа қыз-келіншектерге үлгі боларлықтай.

Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндетіне билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуын, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығын қамту кіреді. Бүгінде бұл бағыттағы іс-шаралар оң нәтижесін беріп отыр.

Гендерлік стратегия іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде жол ашылды.

Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілгенін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды. Осының бәрі Қазақстанда гендерлік шектеуге жол берілмейтінін, керісінше, отбасы мен қызметін қатар алып жүргісі келетін қыз-келіншектерге барынша жағдай жасалатынын көрсетеді.

Гульзина Найзабай,

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...