2022 жылғы 01 қазаннан 01 қарашаға дейін Петропавл қаласының аумағында «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Аталған іс-шара барысында сотталған контингент арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында профилактикалық сипаттағы түрлі жұмыстар жүргізілуде.
Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің есебінде келесі жаза түрлері бойынша жазасын өтеп жатқан 315 сотталған бар: бас бостандығын шектеу, шартты жаза, қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу. Әрбір сотталғанның мінез — құлқын бақылауды жүзеге асыратын, қоғамға бейімделуге көмектесетін, әлеуметтік-құқықтық көмекті жүзеге асыратын өзінің тікелей инспекторы болады. Сотталғандармен жұмыс істеу барысында басты басымдық оны түзету, сондай-ақ олардың қоғамда қылмыс жасамай және заң шеңберін сақтап лайықты өмір сүре алатындығын дәлелдеу болып табылады.
СҚО бойынша ҚАЖД
Петропавл қ. ПҚБ инспекторы
әділет майоры
Ахмадиев Е.


