12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордалық тергеу изоляторының қабырғасындағы теологиялық оңалту жұмысы

Бүгін, 30.11.2022 жылы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесіне шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандарына дәріс өткізу мақсатында Дін істері басқармасының маманы Синеков Олег Витальевич келді.

Әңгіме барысында жалпы қабылданған конфессиялардың негіздері қысқаша ашылып, ресми діни ағымдар мен олардың деструктивті тармақтары арасындағы айырмашылық айтылды, сондай – ақ дін саласындағы заңнаманы сақтау, діндарлардың діни көзқарасын қорлауға жол бермеу және дінаралық қақтығыстарды насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында сотталғандарға қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

Жалпы, мекемедегі мұндай кездесулер тұрақты негізде өтеді, бұл сотталғандардың мінез-құлқындағы оң үрдістерді қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

— Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы, оның ішінде рухани құрамдас бөлікті де білдіреді, өйткені өз қылмысын түсіну, өкіну, ал өкіну – адамды түзетудің алғашқы қадамы. Осыған байланысты, біздің мекеменің теологиялық оңалту жұмысы тобының инспекторлары бұл қызметті жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырады,  осындай сөздермен мекеме бастығы әділет подполковнигі А.К. Мухин өткізілген іс-шараға түсініктеме берді.

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...