12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Электронды шақыру қағазы (SMS хабарлама)

Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында күнделікті тіршілікте бұл саланың соңғы жетістектерін қолдану жалпы әлеуметтік сипатқа ие болды. Демек, мемелекеттік мекемелерде бұл үрдістен қалыс қалмай, заман талабына сай соңғы технологияларды өз жұмыс шеңберінде қолданысқа енгізуі — заңды құбылыс. Бұл бағыттағы жұмыста еліміздің сот жүйесі де көштен қалмай, азаматтар мен заңды тұлғалармен тиімді жұмыс жасау бағытында барлық заманауи үрдістерді қолданысқа енгізіп келеді. Соның тағы бір көрінісі ретінде сотқа шақыруды электронды (SMS хабарлама) түрде рәсімделуін айтуға болады.

Тараптарға шұғыл хабар беріп, сотқа шақыру мақсатында республика соттары тараптардың ұялы байланыстағы абоненттік нөміріне азаматтың немесе заңды тұлғаның сотқа шақырылатындығы туралы қысқаша мәтіндегі хабарлама жолдайды. Аталған қызмет азаматтар мен заңды тұлғаларға қолайлы болуы үшін қолданып отыр.

Сонымен қатар, сотқа шақыруды жұмыс берушіге көрсету қажет болған жағдайда қысқаша мәтіндік хабарламаны басып шығаруға мүмкіндік жасалған.

Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «www.sud.gov.kz» ресми сайтындағы «Сот кабинеті» бөлігіне өткен кезде қысқаша мәтіндік хабараламаны қарап, басып шығаруға арналған «Сотқа шақыру қағазы (sms)» деп аталатын қызмет бар екенін хабарлайды. Электронды сотқа шақыруын қарап, басып шығару үшін sms хабарлама келген ұялы телефонның нөмірі мен хабаралама мәтініндегі кодты (айта кетейік, хабарлама мәтінінде алты қатарлы код қосылған) енгізу қажет. Нәтижесінде сақтап, басып шығаруға болатын PDF форматындағы электронды сотқа шақыруы пайдаланушының компьютеріне жүктеледі.

Электронды сотқа шақыруында сотқа шақыру туралы мәтін, аты-жөні немесе шақырылушының атауы, ұялы байланыс абонентінің нөмірі, жөнелтілген күні, сот мәжілісінің уақыты мен өтетін орны көрсетіледі. Сонымен қатар, сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақапараттық талдау жүйесі арқылы алынып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының электронды сандық қол қойылған сот органдарының Call-орталығының қысқаша нөміріндегі алған күні, сонымен қатар, штрих-код сияқты мәліметтер ғажап нөмірлер болып табылады (тіркеліп отыр).

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына сәйкес, электронды сотқа шақыруы қағаз жүзіндегі құжатқа тең келетін ресми құжат болып табылады.

Осыған орай, «Электронды сотқа шақыруын» қатар басып шығаруға арналған жаңа қызметтік сервисті жүзеге асыру мен қосудың жай-жоспарын ауыл тұрғындарының азаматтары мен заңды тұлғалардың назарына беріп отырмыз.

 Ж.Қанатұлы, Бөкей ордасы аудандық сотының бас маманы

                                  сот мәжілісінің хатшысы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...