12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әділеттің айнасы — алқабилер

Қазақстан Республикасының алқабилері тең мәртебеге ие. Кез келген адамның құқығын әділ қорғай білу – мемлекеттің міндеті. Осы мақсатты заң аясында орындау үшін шынайы сот төрелігін жүзеге асыруға қашанда ерекше назар аударылады. Ал еліміздің дамуындағы экономикалық, демократиялық жетістіктер мен өскелен заман талабы сот төрелігін жүргізуде жол ашуына мүмкіндік берді.

Жалпы алқаби дегеніміз — соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған еліміздің кез келген азаматы. Яғни бұл дегеніміз сот әділдігін жүзеге асыру және оған халық өкілдерін қатыстыру. Өйткені сотқа алқа билердің қатысуы процестегі жарыспалықты қамтамасыз етеді. Сонымен «Алқабилер туралы» заңда қысқаша мәселеге тоқталсақ, заңда құқық қорғау саласында жұмыс істеп жүрген заң қызметкелері алқа билігіне жіберілмейді деп көрсетілген. Демек судьялар, прокурорлар, полиция қызметкелері, адвокаттар, әділет органдарының қызметкелері алқа билері бола алмайды делінген. Сондықтан да алқаби сотын – сот төрелігін жүзеге асыруға халықтың қатысуының бір түрі дейміз. Алайда, бұл жай ғана қылмыстық іс жүргізу инититуты емес, ол ерекше әлеуметтік институт, бұл ретте қаралатын істердің қаншасы оның үлесіне тиесілі екеніне қарамастан, мұндай соттың елде болу фактісінің өзі жарыспалы сот төрелігінің бар екендігін білдіреді. Алқаби соты көп жағдайда «қоғамдық ар ұждан соты» деп атайды.

 Алқабилер соты қылмыстық заңда көрсетілген өте ауыр қылмыстарды қарайды. Бұл дегеніміз алқабилердің қатысуымен қаралатын істер – бұл тек қана айрықша құзірет. Бірақ барлық аса ауыр қылмыстар алқабилердің қатысуымен қаралады деген сөз емес. Бұл қылмыстық іс қаралып жатырған айыпкердің өзінің ерік білдіруіне байланысты, оның ішінде ол өзінің ісін алқабилердің қатысуымен өтініш білдіру арқылы жүзеге асады. Алқабилер сотының ерекшілігі олардың сот төрелігін жүзеге асыруда жан-жақтылығы, объективлігі және толықтығы. Жалпы алқабилер мәртебесі тұжырымдамада ықтимал салдарынан ауырлығына байланысты абстрактілі құқықтық нормаға қарағанда, әділеттілікке қарсы қауіпті болатын стандартты емес жағдайларды шешу құралы ретінде қарастырылады.

Алқабилер мен кәсіби судьялардың процессуалдық және ұйымдастырушылық жағынан бөлек және бір-бірінен тәуелсіз. Алқабилер кеңесінің құпиясы толық көлемде  кәсіби судьяға қолданылады. Бұл дегеніміз алқабилер соты соттың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, алқабилерге дәлелдемелерді ішкі сенімі мен ар-ожданы бойынша бағалауға мүмкіндік береді және қылмыстық сот ісін жүргізудегі қарсыластардың дамуына ықпал етеді.

Алқабилердің сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы қоғамды демократияландыруда ең маңызды элементі және әділеттілікке азаматтарының сенімін жоғарылатылып, сот билігі тармағының тәуелсіздігі нығыздалып жаңа деңгейге көтеруге ықпалын тигізіп жатыр.  

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы

О.Т.Алдабергенова

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...