Қазақстанның қаржылық барлау бөлімшесінің Түркия, Австрия және Гонконгтағы әріптестерімен екіжақты кездесулері өтті.

       ҚР ҚМА төрағасы Жанат Элиманов Парижде өтіп жатқан FATF пленарлық отырысы барысында Түркияның Қаржы министрлігінің Қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасының (MASAK), Австрияның қаржылық барлау бөлімінің (A-FIU) және Гонконг қаржылық барлау басқармасының (JFIU) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

      Кездесулер барысында өзара іс-қимыл нәтижелері мен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

      Тараптар мәліметтерді өңдеу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық-талдау жүйелерінің жұмыс істеуі, қаржылық барлау қызметінің практикалық аспектілері, заңсыз қаржы ағындарымен күресудің типологиялары мен тетіктерін әзірлеу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

       Кездесулерде елдер арасындағы ақпарат алмасу уақытын барынша қысқарту және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық сұраныстарды орындау мәселелері қозғалды. Кездесуге қатысушылар FATF ұсынымдардағы соңғы өзгерістерді ұлттық заңнамаға енгізу бойынша, оның ішінде бенефициарлық меншік иелерін құру және ұлттық мемлекеттік қызметкерлер тізімімен жұмыс жасау мәселелері бойынша пікір алмасты.

        Түркия өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша бұрын жасалған меморандум аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері пысықталды.

       Австрияның қаржылық барлау бөлімімен кездесуде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысты қаржылық ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

        Қол жеткізілген уағдаластық халықаралық қатынастардың инфрақұрылымын сұрау салу бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың шығу тегі қылмыстылығына күдік тудыратын операциялар туралы бастамашылық ақпарат бойынша кеңейтуге мүмкіндік береді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы бар деп күдік тудырған қаржылық операцияларға қатысты ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша өзара келісім негізінде Гонконгтың қаржылық барлау бөлімінің өкілдерімен одан әрі ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.

        Өткізілген кездесулер қылмыстықтарға қарсы күрес жұмысына оң серпін беріп, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

ҚР ҚМА  баспасөз қызметі

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...