№48 мекемеде сотталғандарға арналған шығармашылық акция өтті

Сотталғандар арасында қасақана құқық бұзушылықтар мен өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін алдын алу мақсатында «№48 мекеме» РММ-де «Ғажайып әлем», «Менің болашағым», «Босатылғаннан кейінгі өмірім», «Менің отбасым», «Менің мақсаттарым» атты суицидке қарсы тақырыпта шығармашылық акция өткізілді.

Бұл конкурсқа сотталғандар бірнеше күн бойы дайындалды. Акция қатысушыларына сотталғандар арасындағы тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры М.Мурсалимов кіріспе сөз сөйлеп, барлығына сәтті өнер көрсетіп, ұмытылмас жеңістер тіледі.

Байқауға қатысушылар өздерінің таланттары мен шығармашылық қабілеттерін толық көрсетіп, түрлі суреттер, қолдан жасалған бұйымдар, өлеңдер мен әңгімелер дайындады.

Бұл іс-шара өнер көрсету кезінде шиеленіс пен толқу сезімін болдырмау үшін сотталғандарға арналған релаксация бөлмесінде өтті.  Сондай-ақ, байқау барысында сотталғандардың орындауындағы музыкалық шығармалар шырқалды.

Демонстрациядан кейін сотталғандардың суреттері мен қолөнерінің жалпы эстетикалық безендірілуін бағалай отырып, комиссия мүшелері үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады:

  • Үздік шығарма, өлең: Қадырбаев А.;
  • Үздік қолөнер: Ринг А., Калугин Ю., Михайлов В., Достаев А.;
  • Үздік сурет: Шмунг А., Сыздықов Р.

Әділет майоры М. Мурсалимов сотталғандарға конкурсқа белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, оларға грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

СҚО бойынша ҚАЖД

«№48 мекеме» РММ СТжӘПЖБ

аға инспектор-психологі

әділет аға лейтенанты

Ю. Зель

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...