“Стресс пен агрессияны басқарудың тиімді жолдары”

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесіндегі экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілермен «Стресс пен агрессияны басқарудың тиімді жолдары» атты психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: Стресс туралы түсінік беру арқылы позитивті ойлауды дамыту. Стресстің адам денсаулығына кері әсерін ұғындыру және тренинг жаттығулары арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету. Стресстен арылуға немесе «достасуға» психологиялық кеңес беру.
«Мен және табиғат» жаттығуында қатысушылар өз есімдеріне немесе өздеріне сай табиғат құбылысын айтып өтті (ассоциация). «Мен және стресс» жаттығуында ақ параққа өздерінің және стресстің суретін салады. Сурет кез-келген формада — шынайы, абстрактілі, символикалық, көркем болуы мүмкін. Сурет салып болған соң бірнеше сұрақтарға жауап береді, жауаптар талданады. “Лимон” және «Асық» жаттығулары қатысушыларды сергітуге бағытталды.
Тренинг «Бос бейне» рефлексиясымен аяқталып, қорытындыланды, кері байланыс жасалды.

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...