12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Стамбұлда мұражай іспеттес Rixos Tersane Istanbul қонақүйі ашылды

Жақында Түркияда жаңа Rixos Tersane Istanbul қонақүйінің тұсауы кесіліп, 150 шақты туристік агенттіктерге жіті таныстырылды. Жоба құрылысына әлемнің түкпір-түкпірінен білікті архитекторлар атсалысқан. Бір сөзбен айтқанда, Rixos Tersane Istanbul-ға тоқтаған кез келген адам өзін музей аралап жүргендей сезінеді.


Қыркүйекте тарих қойнауына толы Стамбулда, ал қараша айының басында әсем шаһар Алматыда атап өтілген мерекелік шара туризм саласында қызмет ететін компаниялар мен Rixos қонақүйлер желісі өкілдерінің басын қосты.


Rixos Tersane Istanbul қонақүйі қожайынының айтуынша, Стамбулдың орталығында, яғни «Алтын мүйіз» аумағында орналасқан демалыс орнының ашылуы туризм саласы үшін ғана емес, Түркия экономикасының дамуына үлес қосып, жұмыссыздар санын қысқартады.


Rixos Hotels Орталық офис директорының сату бойынша орынбасары Анжелина Куртчу бұл ғажап қонақүй Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның, сондай-ақ Көлік және инфрақұрылым министрлігінің қолдауымен ашылғанын атап өтті.

«Әрине, бұл жобаға ауқымды инвестиция құйылады деп күтіліп отыр. Себебі, жоба Босфор жағалауында ішкі және сыртқы туризмді дамытуға қызмет етеді», – деді Анжелина Куртчу.


Айта кету керек, биыл қазақстандықтар Түркияға саяхат жасау рекордын жаңартқан. Статистикаға сүйенсек, жаз маусымында Жерорта теңізіндегі елге 440 мыңнан астам азамат саяхаттаған. Әрине, «Түрік жағалауы» қазақстандық демалушыларды жазда ғана емес, жыл бойына өзіне тартып тұратыны жасырын емес. Әсіресе, жаны мамыражай демалысты қалайтындар үшін жаңа жылдық мерекені осындай климаты таңғажайып мекенде қарсы алудың өзі керемет көңіл-күй сыйламай ма? Демек, енді сізді табиғаттың төрт мезгілінде де Стамбулдың інжу-маржаны – Rixos Tersane Istanbul қонақ үйі құшақ жая қарсы алады.


Мұндағы «Tersane» сөзін түрік тілінен аударсақ, «кеме жасау зауыты» деген мағынаны білдіреді. Тарих беттерін парақтасақ, дәл осы «Алтын мүйіз» аймағында Осман империясы тұсында кеме жасалынған екен. Бұл отельдің ерекшелігі сол, туристер демалып қана қоймай, тарихи нысандарды аралап, құнды жәдігерлерді тамашалап, бір сәтке сол дәуірге саяхаттағандай әсерде болады. Тіпті, 200 жылдық бірегей порт крандарының қалай сақталғаны таң-тамаша қалдыруы мүмкін. Өзіне демалыс сыйлаған турист Rixos Tersane Istanbul қонақүйінде жалығып та үлгермейді.

Себебі, нағыз мұражайға айналған маңай тарихи інжу-маржандар мен заманауи өнер орындарынан көз сүріндіреді. Ал қонақүйден Стамбулдың орталығындағы танымал тарихи жерлерге барғыңыз келсе, 10-15 минутыңыз ғана кетеді. Егер отельде төрт немесе одан да көп түнесеңіз, «Алтын мүйіз» бойымен тарихи мұраға бай, көрікті жерлерімен ерекше Балат және Эминёнге бару қарастырылған.
Rixos Tersane Istanbul отелінде 432 нөмір бар. Оның 67-сі люкс. Одан бөлек мұнда әртүрлі тілдегі түрлі кітаптар мен XIX ғасырдың тарихи басылымдары табыла кететін үш кітапхананың есігі қонақтар үшін әрдайым ашық.

Ал Josephine мейрамханасына бас сұқсаңыз, сізді 7 қайық қарсы алады. Олардың әрқайсысы «Алтын мүйіздегі» тарихи жарыс жеңімпаздарының нақ көшірмесі. Осы қайықтардың біріне Josephine атауы берілген.
Бұл отельдің ең басты мейрамханасының бірі – Velena деп аталады. Онда отель қонақтары үшін таңғы астың түр-түрі, атап айтқанда итальяндық, анадолы және қиыр шығыс асханаларының тағамдарынан тұратын швед үстелі ұсынылған. Тіпті, төменге түскіңіз келмесе, қызметшілер ас-ауқатыңызды бөлмеңізге дейін жеткізіп береді. Ал күндіз сіз Josephine және Velena мейрамханаларынан à la carte арқылы тапсырыс бере аласыз.
Айтпақшы, жергілікті аспаздардың дәмді асынан кейін тәулік бойы жұмыс істейтін 70-тен астам спорт түріне арналған Exclusive Sports Club спорт клубында тегін жаттығып, SPA мен саунаға кіріп, ашық аспан астындағы басссейнге шомылуға болады.

Одан бөлек жасанды интеллектпен жабдықталған тренажерлер, баскетбол ойнайтын алаң мен теннис корттары да бар.
Жанға жайлы демалыста достарыңызбен толыққанды көңіл көтергіңіз келсе, бильярд үстелінде тас лақтыра жүріп, элиталы сусындар мен Gowden Club ұсынатын сигардың түр-түрін таба аласыз. Демек, Стамбұл шаһарына жолыңыз түссе, атбасын бірден Rixos Tersane Istanbul қонақүйіне бұрыңыз.

Сапалы білім — ұлт діңгегі

     Әр ұлттың болашағы, оның дамуы мен тұрақтылығы білімнің...

«Нашақорлық ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел өтті

2024 жылдың 13 қарашасында Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа...

Қызылорда да тергеу изоляторында жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты #68 мекемесінде...

В договоре не должны нарушаться интересы сторон

Управление жилья и жилищной инспекции г.Астаны обратилось в суд...